жеке
блог

Бүгінгі туған күн иесін құттықтайық!!

 

Ал, Розкабай сені де туған күніңмен құттықтаудың кезегі келіпті бүгін. Қолыңнан алып, бетіңнен сүйіп, құттықтады деп есептерсің). Бүгін Аллаға шүкір, бізде күн сондай жарқырап, шуағын шашып тұр. Өзімше, Розатайдың туған күні ғой деп қоямын, жанып тұрған көзің мен жымиып отыратын езуіңді елестетіп. Мен Өзіңді әдемі жазбаларың арқылы бұзық қыз ретінде танысам, кейін көргенімде ақ адал жүрегің мейірбандылыққа толы, еркелігің жарасқан сұлу екеніңді таныдым. Сол бір жаз айының әдемі кешінде Менің туған күнімді ескеріп, ғибратқа толы сыйыңды алғанда қуанғанымды білесің! Назарыңа таңқалғанымды да жасырмаймын. Сондықтан, Өзіңе деген ізгі-тілегімді төмендегіше ақтарамын:

Құрметті Роза! Алланың нәсіп еткен осы күнінде барлық жақсылық пен қуаныш Өзіңді паналасын. Жер бетіндегі жақсылыққа лайық жандар болса, сол жандардың бірі Өзіңсің деп білемін. Кейде аға-апаларымыз, "осы бала бір жерден шығады", деп жатады ғой сенім білдіріп, сол сияқты, саған да осы сөз жиі айтылады деп ойлаймын. Өйткені, сенің бойыңдағы жалын мен шабыт байқалады, ізденіске құмар жан екеніңді көрсетіп. Роза, ешқандай адам жоқ шығар, асу-асу армандар ойламаған, алдына мықты мақсат қоймаған. Тек, сол армандар күл-паршаға айналып, мақсаттар мазақ болып қалудан Алла сақтасын. Ал, мен саған осы жолда қанатың қайырылмай, заулай беруіңе тілек білдіремін. Осы құттықтауым арқылы шабытыңа шабыт қосып, жігеріңе жігер қоссам деген кішкене ғана ниетім бар. Ендеше, аман-сау жүр, шапқылап!!!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі