Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / "Сексенге келсе де сегіз келінге тұрады!"

"Сексенге келсе де сегіз келінге тұрады!"

«Атырып көзбен әр таңды, Әжең де қуған арманды...» Әжемнің ныспысы – Қалдан. Бұл есімді неге, не үшін қойғанын білмейді екем. Қарадомалақ кезімізде ауылға, жазапамның аулына көп баратынбыз. Көрген сайын шөпілдетіп, бет-аузыңды түк қоймайды ғой, шіркін-ай! Өзімізше боп сүт пен айран иісінен жиіркеніп жүреміз тағы. Тәттінің бәрі ауылда екенін біз қайдан білейік ол кезде. Тағы есімдегісі, боз шашын өріп отырған келпі қазір де көз алдымда. Байооооғы бір заманға еніп кеткендей қалыпта қалам. Сылдырлаған білезігі, нәрегейленген саусақтары, күлдіреп біткен білегі... Әкем айтатын: «Қазіргі әйелдер шетінен дімкәс. Менің шешем сияқты болса етті. Күн сайын қырық сиырды бір өзі сауып жүріп он бала тапқан. Сексенге келсе де сегіз келіннің шаруасын тындырады әлі-ақ» деп. Рас екен-ау ә...  

Екі жыл толыпты бұл өмірден өткеніне...

Әжеге бардық бірде. Бәрі есімде. Аман-саулық сұрасқан соң нағашы балалармен ойынға еліккен мені сол жерде-ақ тыйып тастады. «Әжең саған уыз дайындапты» дейді шешем. Бәйек болып, әрлі-берлі асыға дастарқан жасаған әжем мен анамның қимылына қайранмын. Сап-сары уызды алдыма әкелген. Баланың ісін қарай көріңіз, жозы астында пыр-пырлап жатқан мысыққа аяқпен ішкізіп жатырмын. Әжем кіріп келді. Саптыақтың жартысынан кемін түгескен маған елжірей қарады да жаныма отыра кетті. Мысық ішкен жерден жиіркенсем де аузыма апара қойдым. Өңештен өткен уызды шімірікпестен сау еткізе жұтып жібердім де далаңқайға жүгірдім. Әжемнің есі шықты білем, үйде абыр да сабыр басталып кетті. Менен сескеніп есікке қарата зулаған мысықты көрді де апам бәрін біле қойды.

Әй, қу бала... 

1858 5
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 10 ақпан 2012, 12:02
Тегтер: әже қалдан сағыныш
Пікірлер
+0
10 ақпан 2012, 12:10

Әсерлі жазба. Өз апам есіме түсіп кетті ғой

+0
10 ақпан 2012, 13:21

Мен атам мен әжемнің қолында өстім.Екеуі де тірі (Алла оларға ұзақ ғұмыр берсін!). Өз балаң өскенше , немерең өлгенше деген ғой қазақ.Әжем біздер үшін барлығына даяр
Кезінде қойшының келіншегі болып жүрген шағында киіз үйді жалғыз тіккен екен.Ол жайлы мен бұрындары "Мәссағанда" жазып едім

+0
10 ақпан 2012, 17:48

Әй, Ардақ-ай, қу екеніңді көзіңнен танып ем... Мына сөйлемді ерінбей, до конца нақтылай салуың керек еді: "Өңештен өткен уызды шімірікпестен сау еткізе жұтып жібердім", ол дереу асқазанға қарай кетті деп. Өңештен өткесін жұтылмаған несі қалды дейм да...

+0
10 ақпан 2012, 18:59

Арнаулы қыздан бұл жолы арнаулы сөз ести алмадық. Әженің көзінше жұтарын жұтып алып, лоқсып отыра бер дейсің ғой гүп болып? Қой енді, ақылға сала ғой.

+0
10 ақпан 2012, 22:55

Қызық естелік екен. Хехе! Мысығың екеуің бөлісіп ішіп алған екенсіңдер ғой уызды! Бұрынғылардың есімдері шынымен де басқаша иә?! Қалдан деген мұғалім апай болған біздің мектепте. Өзі тас қара еді. Менің марқұм әжелерімнің есімі де Күләнда, Кермақас болған. Сирек есімдер ғой бұлар.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев