Менің патефонымдағы әндер

Менің патефонымдағы әндер
жеке
блог

«On.kz» мекенінде басталып, «Massaget.kz» шаңырағында жалғасқан әр түрлі тақырыптағы қызықты эстафета жүргізу сіз бен біздің үлкен дәстүрімізге айналғандай. Міне, бүгін сүйіп тыңдайтын, тыңдап жүрген ән-жырымыз жайлы айтып жатырмыз. Таяқша маған ұсынылыпты, мен патефонымдағы музыкалық шығармалар туралы айта кетейін.

1. Менің патефонымда «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің екі пластинкасындағы барлық шығармалар үнемі ойнап тұрады. Ширатып, түсіндірудің қажеті шамалы деп ойлаймын. Қысқасы, ноу коммент!

2. Келесі пластинка сүйікті әншілерімнің бірі Карина Абдуллинаның «Шаги у порога» және «Сен мұңыңды бер маған» («Мұстафа Шоқай» фильмі) әндері. Тамаша туындылар! Сөздері де, әуені де әдемі. «Шаги у порога» әнін шыққан кезде мен 10-сыныптың оқушысы едім, ол кезде әнді түсінбеген де шығармын. Уақыт өте келе, ән мәніне терең үңіледі екенсің.

3. Украина әншісі Злата Огневичтың орындауындағы «Кукушка» әні. Бұл әннің үш тілде орындалған нұсқасы бар. Өзіме украин тіліндегі нұсқасы қатты ұнайды.

4. Frank Sinatra «I love you, Baby» және James Brown «I feel good» екеуі де керемет әндер! Ноу коммент-2!

5. Марина Девятова «Не думала, не гадала», «Черемушка», «Волга» және әкесң Владимир Девятовпен орындайтын «Оглянись» әні. Негізі, Марина Девятовға қатты ризамын. Эстрада мен халық музыкасын қатар алып жүрген жан.

6. Амархуу Борхуу «Между небом и землей» әні. Бұл әннің сөздері де, әуені де, орындау шеберлігі де жақсы.

7. Қорлан Кәртенбаеваның орындауындағы өз әні «Көңіл сыры». Бұл әннің сөзін Тұманбай Молдағалиев жазған. Алғаш рет әнді Қорланның жеке шығармашылық кешінде естіген болатынмын. Кейін Қорланға өтініш білдіріп, патефоныма жүктеп алдым.

8. Қорланның «Толқын легі» атты күйі бар. Жетігеннің сиқырлы үні кім-кімді болса да, баурап алатыны сөзсіз.

9. «Сазген сазы» ұлт-аспаптар оркестірінің орындауындағы «Баянауыл», «Ақ баян» және «Сарыарқа» күйлері. Ноу коммент-3!

10. Гүлжанат, Қорлан, Ақеркенің орындауындағы танымал жаңа жылдық әндерге поппури. Бұл шығарма біздің ұжымның үлкен еңбегімен дүниеге келген. Өзім үшін ерекше ыстық))

11. Батырхан Шүкенов «Кездесу» мен «Гүл Алматы». Ноу коммент-4!

12. Патефонымда Қоңыр тобының екі пластинкасы айналып тұрады. Ерекше сүйіп тыңдайтын әндерім: «Нақ-нақ», «Алтын бесік», «Молдабайдың әні», «Сұлуымды сағындым». Қазақ сахнасындағы бірегей топ!

13. Қарақат Әбілдинаның дауылпаз, сазсырнай, жетігеннің сүйемелдеуімен орынлайтын «Әгугай» халық әні. Әлия Әбілқайырға қарағанда нақышына келтіріп, әнді бұзбай, керемет орындайды.

14. «Парасат» тобы орындайтын танымал ән «Жар-Жар». Той әні шығыс әуенінсіз, бұрмаланбай дәл осылай орындалса игі.

15. Нұрлан Албанның «Тойбазар» әні. «Ақ әжелер» ансамблінің қатысуымен орындалған әнін тыңдаған кезде киіз үй тігіліп, самаурын қайнатылып, ет асып, бауырсақ пісіріп жатқан қазақ ауылына саяхат жасағандай боламын.

16. Ажар Түзелбекқызы «Сағындым сені» әні. Сағындық өзіңізді...

17. «Жігіттер» квартеті «Кіналамаймын», «Құстар», «Сен сыйлаған гүл», «Кешір мені, жаным» әндері. Квартеттің алғаш шыққан екі пластинкасын тыңдап, патефонымның есін талай шығарғанмын. Ал аталған әндер ерекше ұнайды.

18. Сажида Ахметованың орындауындағы «Салтанаттың әні» және «Гауһартас» әндері. Ноу коммент-5!

Патефонымда жақсы әндер көп болсын!

Ән-жыр эстафетасының пластинкасын Арайлымға беремін))