Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Әулие Валентин күнін мерекелейсіз бе?

Әулие Валентин күнін мерекелейсіз бе?

Әулие Валентин күнін мерекелейсіз бе?

Қазақстанда сәуірдің 15-ін «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» ғашықтар күні деп атамақ. Білетіндердің айтуынша, бұл күн ешбір құжатпен белгіленбеген, ешбір тарихи оқиғаға да байланбаған. 

МЕРЕКЕ БАСТАУЫ

Журналист Талғат Балтабай бұл күн ең алғаш 1999 жылдан бастап аталып өткен дегенді айтады.

– Бұл мерекені атап өтуді, негізі, бірінші боп республика көлемінде Оңтүстік Қазақстан облысында 1999 жылы Дархан Мыңбай деген кісі ұсынып, жастар ұйымдарын, оқу орындарын, ақпарат құралдарын соған шақырған. Батыстағы мерекелерді ескеріп, ешқандай күнге тура келмесін деп дәл осы күнге қойылған болуы керек, – дейді Талғат Балтабай.

Қазақстанда «Еңлік–Кебек», «Қыз Жібек» сияқты түрлі ғашықтардың атымен аталатын махаббат мерекесін тойлау туралы ұсыныс айтылып та, жазылып та жүр. Іс жүзінде олардың ешқайсысы 14 ақпан күнгі «Әулие Валентин» сияқты кең дәрежеде аталып өткен емес. 

2482 13
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 09 ақпан 2012, 22:50
Пікірлер
+0
09 ақпан 2012, 23:01

сол Әулие Валентин күнін кеңінен насихаттау оқу орындарында көбіне байқалады. Мысалы, өзім білім саласында жұмыс жасағандықтан куә болып жатам. әр жылдың басында оқытушыларға жыл бойы өтетін мерекелік іс-шараларды бөлгенде осы Әулие Валентин күнін де береді. Сонда ол басқа да ұлттық, мемлекеттік дәрежеде тойланатын мерекелермен тең болғаны ма?????

+0
09 ақпан 2012, 23:02

пікірлеріңізді асыға күтем

+0
09 ақпан 2012, 23:18

Мен мектепте біраз жұмыс істедім....оқушылардың мәз болып бір-біріне "валентинка" сыйлап жатқанын көріп, жүрегім ауыратын.....өкінішті-ақ.....дүкендерге кірсең, валентинкадан көп нәрсе жоқ.....бір сөзбен айтқанда, сұмдықтың сұмдығы.....жұмылып жою керек деп ойлаймын!

+0
09 ақпан 2012, 23:29

ия! Маған ой келіп отыр, осы интернеттен бастаса насихатты тиімді болар деп. Өйткені жастардың барлығы дерлік интернетте отырады емес пе

+0
09 ақпан 2012, 23:41

Бұл күн мен үшін еш мағынасыз және атаусыз күн. Өле ғашық болсамда ұнатқан қызыма бұл күні солған гүлім болсада үсынбас едім! ТОЙЛАНУЫНА ҚАРСЫМЫН!

+0
10 ақпан 2012, 00:04

сіздің пікіріңізді оқып отырып бір жымиып алдым)))) жарайсың

+0
10 ақпан 2012, 02:39

мен жаңа жылды да алып тастар едім, Наурызымыз бар емес пе?

+0
10 ақпан 2012, 08:24

Рас айтасыз Marationok Сәммитстаннан Мырза.... келисем, казакта наурыз, козы корпеш баян сулу бар, бирак кай кун екенин есимде жок... Онын бари озге улттан келген мейрамдар емес пе????

+0
10 ақпан 2012, 08:59

Бұл күнді арнайы тойлап көрмеппін.Тойланбаса екен деп ойлаймын.БІрақ санаға сіңісіп кетті ғой.Қазақша нұсқаларын да жасап жатыр.Жалпы қазақшасына да қарсымын.Бұл тағы бір қыздың алданып,тағы бір нәрестенің өмірге келуіне шектеу салып, аборт жасатуға әкеліп соғатын мерекелердің бірі

+0
10 ақпан 2012, 09:32

Валентинді әулие деп танып жүрген ешкім жоқ. Қазақ атаулыға ол тегі мен есімі сияқты ғана айтыла салады. мектепте жүргеніңізде Валентинка дегенді қалай түсінуші едіңіз? Қыздар ұлдарға, ұлдар қыздарға мәз-мәйрам болып сыйлық сыйлап, құттықтау айтады. Сайып келгенде "тойламаймын", "болмайды" деп айтушылардың барлық, тіпті де бааарлық сөздерін жалған намыс деп танимын. Көңілге тимесін. Себебі қанша сұңқылдап, "біздікі емес", "өзгенің қаңсығы таңсық па?" деп дабырлаушылар скептик болғандарын өздері де аңғармайды. Сөйтіп қоғамда бірдеңе деп АЙТЫП қалғысы келетіндер деп ойлаймын. Көзге ұлтшыл болып көріну ғана. Әйтпесе санамыз уланып, ойбай ұлтымыз өшіп барады, біздің өзіміздің әулиелер бар депр шығарсақ та ол екі ұшты ойларға әкетеді. Қозы Көрпеш күні деген не даурық? алдық делік, қай күнді, неге байланыстырып аламыз? Соқыр-мылқауланып, "бұл күн ешбір құжатпен белгіленбеген, ешбір тарихи оқиғаға да байланбаған" десіп, тимегенін бұтаққа атудың еш реті жоқ. Ғашық болуды мен өз басым НАСИХАТТАЙТЫН едім. Келіспегендерге де, (болса) келіскендерге де айтарым: өз ойым - өзімдікі...

+0
10 ақпан 2012, 12:20

Талғатқа қума деңіз... Оңтүстіктің атына кір келтіріп жүргені несі.... қазақта болмаған мереке ол.... жетпегені сол еді.... Оян Қазақ, Көтер басты...

+0
10 ақпан 2012, 14:19

сіз түсінбеген боларсыз Талғаттың қай мереке туралы айтқанын?)

+0
11 ақпан 2012, 09:38

Біздің қазақта ондай мереке жоқ, жүрейік сол орыстардың өлген күнін тойлап..................

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев