Білмеймін. Не істеймін енді?

Білмеймін. Не істеймін енді?
жеке
блог

Менің де мектеп бітерер кезім алыс-емес. Әне-міне дегенше, "мектеп түлегі" атанамын. Мені мазалаған бір ой бар.Мен кім болам? Жалпы ойланып қарасам маған лайықты мамандық жоқ-ау сірә!? Менің дәрігер болғым келетін. Дәрігер болуды ұзақ жыл армандадым. Кенет ойым өзгерді. Дәргер болуға қызығушылығымым артпады. Неге десеңіз, қазір заманда дәрігердің сауатсыздықтырынан қанша адам өмірден өтіп жатыр. Бірі мылқау, бірі сал болып қалуда. Ия, мен оқырмын. Жұмыс істермін. Қате деген аяқ астынан болады ғой. Кім білсін менде осындай жағдайға тап болармын.Жоқ болды, мен дәрігер болмаймын.Осылай дәрігер болудан бас тартым.

Ең бір жек көретін мамандығым мұғалім. Анам шет теілінің мұғалімі болсайшы дейді. Бірі өзңе жақсы, бірі жұмыс табуда қиын емес. Мұғалім болдым делік, азаннан-кешке дейін мектепте, балаларға жүйкеңді тоздырасын, экзамен болсын, сайыстар, олимпиадалар болсын солардың бәріне жүгіресін. Баратын жеріңе мектеп жібермейді. Тексеріс келед. Жексенбі кезінде де жұмыс болыды. Адамдармен араласу жоқ, шақырған жерлерге бара алмайсын,бала, жар деген жайына қалад.Оданда мұғалім болмағаным жөн. Өзіме сабақ беретін мұғалімдерді көріп түйген ойым.

Менің сәулетші болғым келеді.Бұл мамандықты қатты жақсы көрем. Өкінішке орай, менің сызба сызуға икемім жоқ. Математикаға шорқақтаумын. Қолымның ебі жоқ. Оның үстіне, бір жоба сыздым делік, оны компания қабылдай ма, оларға ұнайма десеңші? Ал, ия оларға ұнады делік, мен сызбымды берем, одан кейін не істеймін? Қашан тапсырыс келем дегенше күтіп жүремін бе? Жоқ. Қайтейін, маған сәулетші болу бұйырмаған болар.

Әрі қарай кеттік.

Менің халықаралық қатынас мамандығым оқығым келеді. Онда жұмыс істегім келеді. 11 бітіріп Астанаға оқуға түстім делік.ЕНді жұмыс табыла қойсын ба? Естуімше, мұндай жұмысқа артында сенімді адамы бар жастарды жұмысқа алады екен. Оларға өзімнің сауатты, қолымнан іс келетінін дәлелдедім делік,жұмысқа тұрдым делік. Ендігі өмірім қалай өтед? Мұндай мамандықты игерсем отбасым қандай жағдайда болады? Оныда білмеймін. Сондықтан, өзім қыр-сырын меңгерген жұмыста істегенім абзал деп шештім.

 

Менің блогер,менеджер, ақшам болса продюсерде болғым келеді. Бірақ бұл мамандықтардың да  маған қарама-қайшы тұстары бар.

Міне осылай, ой түбінде жүрмін. Кім боламын, қандай мамандық иесі болам деген ой күндіз-түні маза бермейді. Тағы да, бір күн, бір түн, бір ай өтер. Мен армандап жүрген кезде, өмір өтеді де кетеді.