Көзілдірік - көз ілдірік...
жеке
блог

Көзілдірік - көз ілдірік...

Көзілдірік. (Бұл атаулы сөйлем.)

Көзілдірік... (ойланып қалдым... Анықтамасын жазуға бәйге ұйымдастырып жіберсең е!)

(Смайлик қоймай кеттім жоғары жаққа. Мына жақшалар да қаптап кетті ғой.)

Бағана үйде асығып жүріп паласта жатқан көзілдірігімді сол аяғыммен байқамай езіп алдым. (Салмағымды өлшемеппін, 70-тей бар шығармын.)

Қуанышыма ортақ болыңдар, көзілдірігім аман қалды 41-ден. (41 деген аяқ-киімімнің несі ғой. Басқаны ойлап қалуға үлгермеген шығарсыңдар.)

Сөйтіп, көзілдірігімнің бір жағы бір сұмдық болып қалмасы бар ма. Амал жоқ, театрға ақша таппай жүргенімде жаңа көзілдірік жасататын 5 мың теңгем қайда екен?! (5 мың теңгені армандап кеттім осы бір сәттің осы бір мезетінде.)

(Қарындасым шашын жуып жатыр.)

(Өләәәәәә-әәә! Бұл жарнама ғой. Жазбалардың да арасында жарнама болады ғой.)

Көзілдірікті 2-курсымнан бастап тағамын далаға. Оның алдында бір жыл үйде тағып, қолға үйреткем тұқымы шет елдік пробалардан болғасын.

Көзілдірігім болмаса, менен бір метрдей жерде тұрсаңыз, сізді танымай қаламын; алыстағыны көре алмаймын; т.б. бірдеңелер.

Көздеріңіз сау болса, құртып алмаңыздар. (Ауруханаларда көзге бос орындар жоқ екен жатқызатын.)

Егер құртып алсаңыздар, онда сау болыңыздар! (Жәй ғана жымидым да қарқ-қарқ күлдім.)

Көз ілдірік. (Этимологиясы қандай екен, бұл бәтшағардың?)

(Оянып кетсем, түсім екен деп па...)

(Жоға. Түсім емес. Реалистік әдебиет қой.)

ПіСіП: Көзге сақ болайық! Көз ғой кейде сатып кететін, кейде жалғандықты меңзеп жіберетін.

(Қалғанын өздеріңіз пікірлерде қосарсыздар.)