Алишер Узоқов

Алишер Узоқов
жеке
блог

Алишер Узоқов - өзбекстандық  актер, режиссер, әнші. 1984 жылы 25-ші тамызда Ташкент шахарында, әртістер отбасында дүниеге келген.  Әкесі  Мухаммаджон Узоков - әнші, әрі актер, анасы Шахида Узокова - актриса. Бала кезінен өнерге бейім болған. М.Уйгур атындағы өнер институтын және Өзбекстан өнер институтын бітірген. Студент кезінен көптеген киноларға шақырту алған. Бүгінгі таңда Алишер өзбекстанның киноматографиясындағы үздік әрі талантты актерлердің бірі. Узоков көбінесе комедия жанрындағы рольдерді шебер орындап шығады. «Менинг акам буйдок» киносы оның ең алғашқы режиссерлық картинасы. Актерлік пен қатар ән де айтады. Отбасын құрған, бір баланың әкесі.


 

Мектепте сізді қалай атайтын еді?

-Алиш

Ең алғаш тіліңіз шыққанда қандай сөз айттыңыз?

-Әже

Ұйқыдан оянғанда не істейсіз?

-Ұйқысыраймын!

Алтын балық ұстап алсаңыз қандай 3 тілек айтар едіңіз?

-Бірінші тілегім елімізде тыныштық болсын, сонда алға қойған мақсаттарымды жүзеге асырар едім! Кейін рахмет айтып алтын балықтың телефон нөмірін алып, керек кезде хабарласып қалған тілектерімді айтамын дер едім J 

Алғаш рет қашан ғашық болдыңыз?

-Ешқашан!

Сізге ұнайтын қыздар қандай болу керек?

-Біріншіден тиянақты, екіншіден салмақты, ақылды және міндетті түрде сұлу болу керек.

Жаныңызда үнемі алып жүретін бұйымыңыз?

-Шарф

Соңғы рет қашан жыладыңыз?

-"So'nggi lahza” киносында.

Бақытсыз сәттеріңізде неден жұбаныш табасыз?

-Жұмысымнан.

Қандай ұранмен өмір сүресіз?

-Әрдайым жаңалыққа ұмтылу керек, өйткені жаңалық ешқашан ескірмейді!

Өзіңіз жайында біз білмейтін мәліметтерді айта отырсаңыз...

-Отырғанда үнемі аяғымды қимылдатып отырамын. Өзіммен-өзім көп сөйлесемін,тіпті ұйықтап жатып та сөйлеймін.

Ғаламторда көп кіріп тұратын сайттарыңыз?

- www.soccer.ru , www.arsenal.com.

Қайталап оқудан жалықпайтын кітабыңыз?

-"Tafakkur gulshani”.

Сіз үшін ең қымбат сыйлық..

-Шын көңілмен берілген!

Сізге ұнайтын және ұнамайтын хаттар?

-Ұнамайтыны “Неге жауап жазбайсыз?”деген, ал ұнайтыны құрметпен, ізгі тілектерімен жазған хаттар.

Сізге қандай лақап есім ұнайды?

-Шал.

Қандай айыпты кешіре алмайсыз?

-Кешірім сұрағандарды жаман көремін. Кешірім сұраудан бұрын ойланып жұмыс жасау керек.

Қоштасқанда көбінесе қандай сөздерді қолданасыз?

-Бопты! Мейлі!

 

                                                                               Дайындаған: Алпамысова Перизат

                                                                                            Бақыт сыры журналынан