«Вавилон 5» - Джозеф Майкл Стражинскидің телехикаясы

«Вавилон 5» - Джозеф Майкл Стражинскидің телехикаясы
жеке
блог

 

 

Ғылыми фантастика жанрын қадір тұтатын Джозеф Майкл Стражинскидің продюссерлігімен түсірілген әйгілі телехикая.

«Вавилон 5» - «Вавилонның» бесінші станциясы туралы оқиға, бұл - Галактикаға айқассыз жетудегі соңғы үміт. Сюжеттің негізі – адамзат тарихындағы жаңа кезеңнің басталуы туралы. Жер мен Минбардың соғысынан бері 10 жыл өтті. «Вавилон» жобасы Галактикаға соғыссыз жету туралы арманның іске асуы болды. Оның мақсаты – түрлі өркениеттер өз арасындағы дауларды бейбіт жолмен шеше алатын орталық құру.
«Вавилон 5» хикаясының өзге де фантастикалық телетоптамалардан айырмашылығы, ол үлкен бір шығарма іспеттес, басы, ортасы, аяғы айқын көрінген, оқиғалары бірінен соң бірі тізбектеле өрілетін кітап секілді. 5 маусым бойы 5 жылда көрермендер де кейіпкерлерімен бірге өседі және қарапайым ғана шешімдердің біздің тағдырымызға, бүкіл әлемнің тағдырына қалай әсер ететін байқауға болады. Бұл «Вавалион 5» телетоптамасының басты ерекшелігі, оны өзге де фантастикалық телехикаялардан ерекшелендіріп тұрған басты күші де осы.


«31 арнада» Тұсаукесер! 9 ақпаннан дс-жм 11:00-де.