Тағы да сен туралы
жеке
блог

Тағы да сен туралы

Тұрса да күліп, шуағын шашып көкте күн,

Білмеймін кімдер келгенін, кімдер кеткенін.

Баяғы өзің, сол қалпың және өзіңнен

Кім жайлы жазам, ойымда ешкім жоқ менің.

Кезінде күнде кездесуге біз асықтық

Сол кезде болды сезім де, ессіз ғашықтық.

Ал қазір бәрі басқаша, қазір біздерді

Жолықтырмайды арамыздағы қашықтық.

Қалғандай мына жүрегім менің мылқау боп,

Маған ғашықты көзге ізмеуге сылтау көп.

Білмеймін сені, мен мұнда жалғыз әйтеуір

Әуре боп жүрмін өзіңді әлі ұмытам деп.