Нағыз Арон Стоун

Нағыз Арон Стоун
жеке
блог

«Нағыз Арон Стоун» атты фантастикалық жастар телехикаясының Қазақстандағы алғашқы көрсетілімі! Қарапайым америкалық жеткіншек, жамандықпен күресуші, виртуалды, қайтпас қайсар жеңімпаздың шытырманға толы оқиғалары, тек «31 арнада».

Чарли Лэндерс - «Батыр. Шыңды бағындыру» - атты онлайн-ойыннан әлем чемпионы. Бозбала бұл ойынның құпия агенттіктердің тәжірибе ретіндегі сынағы екенінен хабарсыз. Ал, көп өтпей-ақ, шынайы өмірінде виртуалды әлемдегіден әлдеқайда қауіпті шытырманға толы оқиғалар басталады.

Миллиардерден нағыз қылмыскерлермен күресу туралы ұсыныс алғаннан кейін, Чарлидің өмірі біржола өзгерді. Өзінің отбасын сақтап қалу үшін, Чарли бұл ұсынысты қабыл алып, виртуалды батыр Арон Стоунның керемет мүмкіндіктерін иеленеді.
Ақыры Чарли Холлдағы ең қорқынышты жауы – зұлым Некрозбен бетпе-бет келеді. Оны жеңу үшін, бозбалаға адамзаттың соңғы технологиялық жаңалықтарымен бірге өзінің жаңа қасиетінің барлық мүмкіндіктерін қолдану қажет болады.
Басты кейіпкердің бойындағы харизма, телехикаяның қызықты оқиғалары бүкіл әлем көрермендерінің көңілінен шықты

«31 арнадан» көріңіздер! дс-жм 15:00-де.