Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / АҒАНЫҢ АСҚАҚ АРМАНЫ АЛЫСТА ЕМЕС...

АҒАНЫҢ АСҚАҚ АРМАНЫ АЛЫСТА ЕМЕС...

АҒАНЫҢ АСҚАҚ АРМАНЫ АЛЫСТА ЕМЕС...

Қайырлы кеш, қымбатты массагеттіктер! Бүгін журналистика факультетінің  дәріс залында шетел журналистика пәнінен Мысаева Қарлыға апайымыздың жетекшілік етуімен «блог» ұғымын дүниеге әкелген Асхат Еркімбайдың  Онлайн сұхбаты өтті. Америкада магистратураның алғашқы курсын оқып жатқан Асхат аға мен Александра есімді «Бумеранг» газетінің орыс журналисі бізге шетелдегі журналистика саласының жетістігі мен ұтымды мүмкіндіктерін атап көрсетті.

Асхат аға көзі ашық, көкірегі ояу қазақ жастарына орамды ой, жалынды сөз сөйледі. «Бүгінде әлемде озық дамып келе жатқан әлеуметтік желілерді(Facebook, Twitter т.б.) Қазақстанда тиімді пайдалануымыз қажет!»-деді ол:«Егер бұл желілерді журналистикада  қазақ тілінде оңтайлы қолдана алатын болсақ, ана тілімізді көркейтуге өз үлесімізді қосқан болар едік. Ал осының қыр-сырыналдымен орыс тілді журналистер жете меңгеріп жатса, елімізде орыс тілді ақпараттар ғана таратылып кетеді де, төл тіліміз тағы да кенже қалуы мүмкін деген қауіп бар». Онан өзге журналистика мамандығын қазіргі технологияны пайдалана отырып,  өрбіту жолдарын әріден қозғады.

Шынында да, бүгінгі күні интернет желісіне қосылған жастар онлайнда ойын ойнау мен агентте отырудан өзгені  білмейді. Демек әлі желілерді жетік меңгеріп, өз мүддесі мен халық мүддесіне жаратып отырғандар аз.

Skype арқылы өткен сыр сұхбаттан студенттер тамаша әсермен қатар, өзгеше шабыт алғандай көрінді маған. Онлайн дәрісті ұйымдастырған Қарлыға апай да, қазақ жастарына үміт артқан абзал азамат Асхат аға да мақсаттарына  жетті деп ойлаймын.

1663 10
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 08 ақпан 2012, 23:56
Пікірлер
+0
09 ақпан 2012, 09:12

Керемет! Пайдалы әрі қажетті дәріс болған екен

+0
09 ақпан 2012, 19:27

Ия, Карлыга апайымызга ракмет

+0
09 ақпан 2012, 09:35

Асхат қазақ интернетіне зор үлес қосып жүрген азамат! Алла ол кісіге разы болсын. Сіздердің де алған білімдеріңіз текке кетпей, қазақша ақпараттың дамуына үлестеріңізді қосасыздар деген сенімдемін. )

+0
09 ақпан 2012, 19:29

Уақытты текке кетірмей, тынымсыз еңбек етуді Асхат ағаның ісінен көрдік...

+0
09 ақпан 2012, 09:48

Мен де Асхат ағайдың шәкіртімін. Ағайды қатты құрметтеймін. Ол кісінің ұстанымы: "Сөзбен емес, іспен білдіру" Менің де ұстанымым осы.

+0
09 ақпан 2012, 19:31

Асхат ағаймен тығыз байланыста болуымыз қажет..Үйренетін дүние өте көп...

+0
09 ақпан 2012, 13:03

Асекең дұрыс айтады! Интернетке құрал деп қарап, тиімді пайдаланатын уақыт қой.

+0
09 ақпан 2012, 19:37

"Интернет - бизнестің де көзі!"- деді ол бір сөзінде

+0
09 ақпан 2012, 14:07

Асхат ағайдан дәріс алу арман болып кетті ғой. Ерекше дәріс болыпты.

+0
09 ақпан 2012, 19:35

Америкада бар уақытын осы зерттеуге арнап, қазақ жұртының қамын ойлап жүрген азамат әлі да талай тың еңбектер мен жаңалықтар дүниеге әкеледі Алла қаласа!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев