Бір сәтке дамылда...

Бір сәтке дамылда...
жеке
блог

Блогты оқиын дедің бе? Мұнда не жазылған екен дедің-ау шамасы...

Оқудан бұрын мен саған бір сұрақ қояйын... Соңғы рет қашан жақсылық жасадың? Айтшы... Шынымды айтсам, мен де бұл сұраққа нақтылы жауап таппай отырмын.

Жалпы, жақсылық жасау біздің өмірде азайды ма, әлде көресі көздер көрмей жүр ме екен... Былтыр... Ойбу, баяғыда Мейіргүлдің жазған «жақсылық посты» бар еді. Есіңізде болар, әлгі троллейбустың жүргізушісі. Иә, Миканың өзі айтпақшы «Жақсы адамдар бар және олар көөөөп!».

Сенбесеңіз мына бір видеоны көрсете аламын. Иә, бұл бір керемет, ғажайып дүние емес. Бұл кәдуілгі қарапайым істер. Бірақ біз соның өзіне таңғала қарайтынды шығарыппыз. Анда-санда темірдей қатқан жүректі бір босатып алсақ айып емес, көркем мінезбен арулайтын болармыз?

Бұл роликтарды жинаушы өзіміздің алматылық Аркадий Моряхин деген жігіт екен. Сіз бен біз көріп жүрген көшедегі төбелестер мен басқа да зұлымдықтардан кейін мұнда динамика жоқ, әрине, бірақ... Одан басқасының бәрі де бар деп пайымдаймын. 20 жастағы жігіттің видеосын 1,5 миллион адам көріп, жылы лебіз-пікірлерін арнапты.

Өмір сүруіміздің мәні, мүмкін жақсылық жасауда шығар, кім біледі?