Унитаз қақпағын көтеріп қою - дискриминация ма?!
жеке
блог

Унитаз қақпағын көтеріп қою - дискриминация ма?!

Жұмыстағы немесе пәтердегі дәретханаларда, әсіресе ортақ әжетханаларда унитаз қақпағын ерлердің қайта-қайта көтеріп қою әдеттері олардың әйел қауымына қатысты көзқарасының көрсеткіші ме және бұл дискриминацияға жатады ма?! Ортақ тойлеттен шыққан ер адамнан кейін әйел адам кіріп, унитаз қақпағына қарап, оның әйел қауымын қай деңгейге қоятынын білетіндей. Ал егер ол еркек сол әйелдің танысы, досы немесе әріптесі болса ше, жалпы қарым-қатынастағы аздаған түсініспеушілікке осы да себеп болып жатса, таң қалудың қажеті жоқ сияқты. Бірақ бұл туралы ашық айтыла бермейді.  

Жалпы солтүстік еуропа елдерінде ерлер мен әйелдер құқығы тең екені баршамызға белгілі. Осы аптада Швеция елінің парламенті ерлерді кіші дәреттерін отырып алуға міндеттейтін заңжобаны қарайды. Оны ұсынушы депутат Вигго Хансеннің санауынша, бұл гигиена деңгейін көтеріп, ерлер мен әйелдер теңдігін нығайтып, простата алдын алады.

Заңжоба авторларының ойынша, егер ерлер кіші дәреттерін отырып алып үйренсе, отбасыда ыдыс-аяқ сылдырлау жағдайлары азаяды екен.   

Осы заң жобаға қарсы пікірлерін білдірушілер, әжетханаларға бақылау орнату мүмкін емес деуде.

Францияның Terrafemina басылымы Швеция заңжобасын қолдап отыр. Олар тіпті осыны біржыныстылар некесін заңдастыруды бастаған президент Франсуа Олландтың қарауына ұсынуды жөн көреді. Швеция сөздігінде "hen" деген неологизм де пайда болды. Жыныссыз есімдік ұлдар мен қыздарға ортақ, қазақ тіліндегі «ол» дейік пе..)

Келесі заңжоба туалеттерге белгіленетін «е» мен «ә» әріптерінің болмауын қарастырады, өйткені бұл я еркек емес, я әйел еместердің құқығын шектеуі мүмкін деседі.

Ал Германия астанасы Берлинде «унисекс» туалеттері пайда болады. Бұл өздерін еркек ретінде немесе әйел ретінде жоғалтқандар үшін керек дейді. Унисекс туалеттері Финляндия елдерінде де бар болып шықты.

Сонымен Швецияға оралайық. Швеция қоғамы депутаттардың бастамасына мән бермеген. Аталмыш заңжобаны қолдамайтындарға жастарын ұзартудан, яғни күлуден басқа амалдары қалмаған. Өйткені әжетхана ережесінің сақталуы бақылауға алынса, адамның басқа құқығы бұзылады дегендей. Саяси талдаушылар, заңның қабылдануы екіталай, өйткені оны тек бес-ақ депутат қолдап отыр деп тұжырымдауда. Ал қалған ер депутаттар кіші дәреттерін бұрынғыша ала бергілері келетін секілді.

Меніңше, табиғатпен бөлінгенді тең етуге күш салу – жасты ұзартады.)))

ПиСи: миссиписи тібілісиси..

ПиСиПиСи: «Ресей газеті»нен алынып аударылды.