№15. Қалыңдық күнделігі: Тойға дайындық және қыздың жасауының жыры
жеке
блог

№15. Қалыңдық күнделігі: Тойға дайындық және қыздың жасауының жыры

Алдында естеріңде ма, мына жерге жасаудың тізімін жариялап едім ғой. Біразы ой бізде бұлай жасамайды десе, біреуі бізге бұл тізім аздық етеді деді. Көмек сұрағандар да көп болды. Сонымен шығар қорытынды көп қыздар өзіміз тұратын жердің салт-дәстүрін көп біле бермейді екенбіз. Жақсылап біліп алу үшін мамаларыңыздан қазірден бастап сұрап алған дұрыс екен.

Сонымен, өзіме келсем жасау жинай бастадым. Нақтырақ айтсам мамам  екеуміз. Керек заттардың тізімін жасап алдық. Әр ақша алған сайын бір-екі зат сатып ала бастадық. Басында мен жазған болатынмын алған заттарыма шыққан заттар шығынын жазуға тырысам деп. Артынан ойланып қалдым бір жағы ұят екен. Тек суреттерін сала кетейін.

Қазір, бәрін алмасам да аздан алған заттарым:

Zepterден мынандай топтама алдық, жақсы екен. Ішінде бәрі бар. Пароваркасы мен теркасына шейін бар екен. Сапасы да жақсы деп жатыр енді.

Одан кейін мынаған ұқсас электірлі шаугім мен шайнигін алдық:

Содан соң ұсақ түйек алдық. Шыны анау мынау. Мама өзі жинаған заттарын қосқан кездің өзінде әлі 17 зат алуым керек боп тұр. Ойлап атырмын да, осындайын білгенде студент кезімнен жинайтын едім ғой деп :). Так что қыздар ойланыңдар :) Не ақша не сәні өтпейтін заттарыңды қазірден бастап жинай беріңдер :)

Айтпақшы,  ертең 9 мамырдан бастап 11- мамырға шейін "Үйлену той және бітіру кеші" атты Алматыда Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында көрме басталады екен. Білуімше, қалыңдық көйлегін өлшеп киіп, қалыңдыққа қатысты барлық нәрселер мен келіндікке дайындайтын курс болады дейді. Толығырақ мына жерде бар екен. Барып көруге ынтам сұмдық боп отыр енді :).

Сонан кейін мына сайтты қарап отырып мынандай ойға келдім. Қаншама ұйыммен жұмыс істеу керек екен ғой деп. Ойлаңдаршы: той залы, көйлек алу, ұйымдастыру, фотограф, асаба, биші, көлік. Тіпті басың қатып кетеді екен. Енді ол әңгімені жақын қалғанда жазармын.Әзірге осы, сендермен бөліспегелі көп болды. Көрмеге баруды рекомендеймін! Артық ақша ала барыңдар ұнаған заттарыңды алып қаларсыңдар.