Мемлекетшіл жастар немесе ұлттық ар-намыс.

Мемлекетшіл жастар немесе ұлттық ар-намыс.
жеке
блог

Мемлекетшіл жастар қандай болу керек немесе кеудедегі ұлттық ар-намысы.

 

Қазіргі таңда қоғамымызда көптеген түйіні шешілмеген күрделі мәселелер еліміздің түкпір-түкпірінен бас көтеріп жатыр. Ол «мәселелердің ұшы»: Жаңөзендегі оқиға, діни экстримизмнің өршуі, жұмыскерлердің еңбек ақыларының тиісті дәрежеде болмауы және құқықтарының жан-жақты қорғалмауы болып отыр. Неге мен бұларды «мәселелердің ұшы» дедім? Тарқатып айтар болсам, кез-келген мәселенің түп тамыры өзегі болады, яғни сол себептерін шешпей, салдарымен күрескен бос әурешілік демекпін. Міне сол өзекті мәселенің бір ұшы, ол жастардың өздерінің қарапайым әлуметтік, рухани, сұраныстары мен сұрақтарына биліктен мардымды білікті жауап ала-алмауы.

Міне қараңызшы, Жаңаөзенде болсын, Ақтөбедегі, Атыраудағы, қаралы оқиғаларда негізгі атқарушы күштері 20-30 жас арасындағы жастар, яғни кез-келген қоғамның «динамикалық қарқынды» өкілдері болып отыр. Сонда болшақтың іргетасы жастрадың өздерінің қарапайым әлеуметтік және рұхани сұраныстарына жауаптарын алмай, басқадай қараңғы жолдармен жауап іздегені кімге пайдалы? Әрине мемлекет бұл мәселелерді біледі және оларды шешуге арнайы бағдарламаларда қабылдап жатыр, бірақ олардың кейпі қағаз жүзінде ғана көркем болып қалып жатыр, орындау жағына клегенде көптеген олқылықтардың беті ашылды, олар, басқару менеджментінің әлсіздігі, орындаушылардың біліктілігі, шектен асқан парақорлық, мемлекетшіл кадрлардың аздығы себеп болып отыр. Бұл көрсетілген кемшіліктер тек жастар мәселесін ғана емес, қоғамымыздың барлық саласын артқа тартып жатыр. Осы жайттарды айта келе логикалық түрде ойға келетіні, қоғамымызға күрделі өзгерістердің қажеттігі, әрине мұндайда әлемдік тарихқа және тәжрибелерге қарайлаймыз, өз тарихымызға көз саламыз. Бірақ, ойға алған өзгерістердің, елімізге керекті дәл «рецептін» ешкім анық мынау деп айта алмасы анық. Сондықтан да мәселе шешуде көпшіліктің даусымен санасып, талқылаудан, сараптаудан шешімдерге сүйенгеніміз дұрыс болар. Ең өкініштісі қоғамымызда «әлеуметтік теңсіздік» мәселесі мен «әлеуметтік лифттердің» әлсіздігі, жергілікті өзін-өзі басқару нинституттардың дамымауы осы ойға алған күрделі өзгерістерге қол байлау болып отыр.

Жоғарыда айтып кеткенімдей, қоғамның «динамикалық қарқынды» өкілдері жастардың мойнында, аталған мәселелерді шешу бойынша өте ауыр және жауапты миссия тұр. Ол көрсетілген мәселелерді шешуге бар білімін, күш-қайратын ең бастысы ар-намысын салу қажет. Мұнда ар-намысты айрықша атағанымның себебі, мінездің және одан шығатын іс-әрекеттердің барлығының түп қазығы, кеудеде ұлттық ар-намыстың болуы демекпін.

Егер қоғам өзінің жеткілікті дәрежесінде рухани даму сатысына жетпесе, онда кез-келген төңкеріс тек бір туды орнына басқа бір туды өзгертумен шектеледі дейді ойшылдарымыз. Сондықтан да әрбір қадамымызды ой елегінен өткізіп, жауапкершілікті сезіне отырып басқан жөн.

         Сөз соңында айтарым, болашақтың қандай боларын ешкім білмейді, ал бүгінгі күні әрқайсымыз сол болашақтың қаншалықты дәрежеде жарқын боларына үлес қосып жатқанымызды, ұмытпайық демекпін.