Інім туралы
жеке
блог

Інім туралы

"Бауырым қалайсың?", "бауырым не істеп жатсың?" "бауырым..." деген сөзді күнделікті өмірде көп қолданамыз. Бірақ шын мәнінде олардың барлығы сенің "бауырларың" ба? дегенге көз жүгірте бермейміз. Бір ата-анадан туылғандар ғана шын мәнінде бауырлар деп есептеймін. Бауыр дегенің туысқандық жақындықтың ең жоғарғы сатысы деп түсінемін. Алла шүкір отбасында 5 жанбыз. Мен негізі отбасында 4-ші, ұлдардан ортаншысы боламын. Менен кейін, отбасымыздың кенжесі Нұрқаділ деген інім. Бүгін осы інім жайында жазсам деп отырмын. 

Отбасы тәрбиесінде тете өскен балдардың бірі-біріне бауырмашылдығы жақындау болады, өзгесімен салыстырғанда. Кішкентайымнан артымнан ерген інімді ұрмақ түгілі, қатты ұрсуға да қимайтын едім. Ия, бір ғана сәт есімде, мектеп оқып жүргенімізде 3-4 ші сынып кезі болса керек, ауылда ауызашар өткізетін болдық. Ол уақытта қасиетті рамазан айы қыс мезгіліне сәйкес келетін. Інім екеуміз түстің кезінде үйге жағатын отын дайындап жатып, бір нәрсеге жұмсағанымды айтқан тілімді алмай қойып, ұрып жылатып қойғаным бар. Сонда інімнің "мен саған не істедім" айтқан сөзін естіп, енді қолымды көтермеспін деп өзімен серт берген едім. Жаным ашығаны сондай өзімнің де көзіме жас келіп еді.

Мектеп кезінде, басқа балдар сияқты ойын десе ішкен асымызды тастай сала кірісіп кететінбіз, бірақ әкеміздің кешке ұрысатын сәтінен қорқып, сабақтан келе салып, малдың астын тазалап, отын бұтап, майда-шүйде үйдің шаруаларын бітіріп тастап,кететінбіз ойынға. Мен 9 сыныпқа өткен кезімде, (2002 жылы) СЕГА сатып алдық. Содан күздің уақытынан басталған сега ойынымыз қысымен жалғасып, көктемде тоқтадық. Сонда да ініміз екеуміз жаңағыдай, кешкі асымызды апыл-ғұпыл іше сала, салқын болғанын қарамай үлкен залға кіріп алып, сега ойнайтын едік. 

Үйдегі кішкентайлары біз болғандықтан, ағам, әпкелерім қалаға оқуға кеткенде, үйде анамыздың шаруасына қолғабыс тигіздік. Үйді мен сыпырсам, полды інім жуады. Палау істейтін сәбізін ашып, екеуміз турап береміз. Қонақ келсе, көрпе салып, дастарқан жайып, шайға дейін демдеп береміз. Пельмен түйіп, әйтеуір барынша анамызға көмек қолын созып тұрдық.

Осылай жүріп ер жеттік. Әрине айтқанға оңай, бірақ, тағдырдың бізге бізге жазған қиындықтары алдағы өмірімізде күтіп тұрған екен. Екеуміздің студент шағымызда Әкеміз қайтыс болды. Әрине оңай болмады. Мен оқудан кейін, әскерге кеттім. Әскрге кетіп бара жатқанымда інім шығарып салуға келмепті, өйткені, көңілім босайды деп. Әскерде жүріп, інімді қатты сағынатынмын. Кейде қолыма сотка түсып қалғанда, інімнің нөміріне смс жазып тұратынмын. 

Кейде маған көңілі толмай қалса, ұрысып та алады. Әйтпесе, былай жасасай деп айтып отырады.

Студент кезімде, үйге достарым, сыныптас қыздар да келіп тұрады. Сонда бірінші інімді көріп, "Дарын сен ба? Қалайсың?" деп амандасса үндемей, жымиып қана амандасады екен, Кейін маған айтып отырады, "мә, інің екеуің қатты ұқсайсыңдар" деп. Тіпті, кей қыздар ініме "ғашықпын" деп айтып жатады. Саған қарағанда красавчик екен деп. Жолдас балдарым айтады, "ініңді көріп Дарынның бойы шөгіп кеткен ба, бойы осындай кіші ме еді" деп ойланып қаламыз деп.

Сөйткен інім де қазір жасы 23 ке толып, оң-солын ажыратып, жұмысқа араласып, ертең кім боламыз, не істейміз деп, үлкен азамат болып келе жатыр. Аллаға шүкір деймін осыған да. Ең бастысы бауырларымның амандығы. Ауызбіршіілігі жоқ үйде береке деп тұрақтамайды деп, отбасымызда жоғын толтырып, барға қанағат етіп, ел қатарлы күн кешіп жатырмыз. Мына фото 04,05,2013 жылы Алматыдан келген күні кешкісін түстік. Қазір, түрлі жағдайларды естіп жатамыз. Алла білгенімізден жаңылдырмай, інімнің, және өзім жақсы көретін барша отбасы мүшелерін, бауырларымның бақытты өмір сүргенін қалаймын!