махаббат жайлы

махаббат жайлы
жеке
блог

Сүйгеніңмен Қоштаспа! Қош махаббат, ұмыту кезі келді!
Егер сүйгеніңмен қоштасу уақыты, махаббатты ұмыту уақыты келсе, өзіңізді қалай ұстар едіңіз? Шынына келсе, бұл өте қиын жағдай және әркім сол сәтте өзін тыныш және бейқам ұстап тұра алмайды. Бас салып айғай, ұрыс және тіпті төбелес басталуы ғажап емес.
Өміріңде қолданбаған ащы сөздер, айтылмай қалған өкініштер және жанға батар балағаттаулар қатары ағыла айтылыды. Сіз жан тәніңізбен, барынша сүйіктіңізді сөзбен, болмаса, күшпен жеңуге тырысасыз. Сіз сүйгеніңізңе деген өкініштеріңізді ғана емес, бүкіл әлемге деген өкініштеріңізді айта жөнелесіз. Бұл сөздерден кейін, тіпті мүмкіндік болғанның өзінде де қайта оралу мүмкін болмайды. Неге бұл ыңғайсыз жағдайдың женіл шешімі жоқ? Неге біз өз-өзімізді қолға ұстап, тыныш және жан ауырқысыз қоштаса алмаймыз?