Менің күнделігімнен

Менің күнделігімнен
жеке
блог

21.09.2011 түнгі сағат 2:32

Дәл қазір жұмыстан үйге келе жатып күлкілі жағдайға кезіктім. Негізі сол кезде қорқынышты жағдай... Естен шықпай күнделігімді қолыма алып жазып отырмын.

Таксиден көшенің бойынан түсіп қалып үйге қарай бет алдым. Үй мен көшенің арасы 200 метрдей. Мен жүретін жолдан 50 метрдей жерде бір қуыс бар. Ол жер біреулердің питагы. Жас жігіттер түнде жиналып ішімдіктерін ішіп отырады, өткендерге тиіседі, ақшасын алып қояды т.б жағымсыз нәрселер істейді. Дәл бүгін солар тағы шуылдап отыр екен. Сол питактын тұсынын өте бергенім сол, біреу «ей бауырым тоқтасай» деді. Маған екенін сездім. Тоқтадым да «мен ба?» деп солар отырған жақа қарадым. Адамдар анық көрінбейді. Тек адамның қарасы көрінеді. Өздері көп сияқты. Арасынан біреуі «Ия сен! Не басқа біреуді көріп тұрсыңба не?» деді. Сөйлесіп тұрып жерден жұдырығымдай тас алып үлгердім. Тасты қысып ұстап тұрдым да «Да пошёл ты на .....» дедім ))) олар «Е да ну на ..... не деп тұрсың» деп топырлап маған қарай жүгірді. Қолымдағы тасты соларға қарай бар күшіммен лақтырдым да үйге қарай жүгірдім. Тастың адамға тиген дауысы естілді. Аяғына тиді ау. Бастарына тиіп кетпесін деп пәстетіп лақтырғанмын, сүйекке тиген дыбыс шықты.

5-6 адам болып подъезге дейін қуалап келді. Подъезге кіріп есікті жаптым да не болатынын күттім.30-40 секундтан кейін жетті. Есікті тартып жұлқылап боқтап жатыр. Ертең үйтем, бүйтем деп ))). Мен іштен «Ээээу есікті жұлқи берме, коды 55. Екі бесті бірдей басасың» дедім да ештеңе болмағандай үйіме көтерілдім. Бірақ ол жерде 1 ақ 5 болатын ))). Екінші 5 ті таппады ма есікті аш алмады ))) Ертең не болатыны белгісіз енді.