Ертең маёвка

Ертең маёвка
жеке
блог

Ертең, Алла бұйыртса "Машатқа" маевкаға шығамыз деп достарыммен жоспарлап отырмыз. Тойдың болғанынан боладысы қызық деп, екі аптадан бері дайындалып жатқан бұл демалысымызды бұрынғыдан өзгешерек өткіземіз деп ойластырып жатырмыз. Шынында да тойдың басында барлығымыз бір ауыздан келісіп, үйленгендер отбасымен (әйел, бала-шағасымен), бойдақтар қыздарымен шығамыз, бір-бірімізбен таныстырамыз деп келіскенбіз. Менде, сол оймен, алдын-ала, өзім жақсы араласып жүрген Ұлдана атты қызға хабарлап, келісім сұрап, дайындық жасап жүрген жағдайым бар еді, бірақ, дәл уақыты келгенде, ол ауырып жатырмын деген негізгі себебін айтып бас тартып жатыр. (негізі білмеймін, өзімде көп көңілшектеніп кеттім ба, әлде уақыт жақындаған сайын көңіл-күй солай болды ма, өзімнің ішкі ойым басқалалай себептері бар сияқты сезінемін). Содан, бір пәсте жұпсыз қалып отырмын. Уақыт аз, кімге хабарласарымды білмей отырмын.

Енді, қызымның рөлін ойнамаса да, жақсы досымның рөлін ойнап, бір күндік тауға саяхатты қызықты етіп бөлісетін жан іздеп отырмын. Іштей бір-екі нұсқаларын қарастырып отырымын. Әзірге шешім қабылдамадым. Дегенмен, бір қазақтың қызын бір күнін қызықты да, естен кетпестей етіп қонақ қылу ойымда тұр. Студент кезім болса, мұндай мәселе болмас еді, қазір барлығын да оймен жасайсың. Сонымен, араларыңыздағы қайсыңызды қонақ қылайын?   

пысы. маевканың ертесіне блогқа құнды мәліметтер жинақталады, міндетті түрде жарияланатын