Сүймейтін адаммен сүйісу

Сүймейтін адаммен сүйісу
жеке
блог

"Сүймейтін адаммен сүйісудің" кері келіп тұр дәл қазір. Ия, енді адам боламын ба десең, бір "сюрприздар" алдыңнан шығады. Мен өзімді керемет жанмын деп есептемеймін, бірақ расымен де сүймейтін "жандар" арамызда көп. Бірақ, амал жоқ солармен "сүйіспесеңде", сүюйің керек, жақсы көрмесең де жақсы көруің керек. Алдыңғы уақыттарда, жиі ашулана бастаушы едім, кейін психологиялық дәрістерден кейін ол мінезімнен арыла бастаған сияқты едім, бірақ енді жаңа мәселелер туа бастады. Кейде, қалың ойға шомып кетесің, түбінде өзіңді сабырлыққа шақырасың. Өйткені, "жанайғайың" өзіңнен басқа ешкімге естілмейді, және ол көріністерді жиі көз алдымыздан өткізіп жүрміз. Қашан оңалар екен, әлемді өзгерткің келсе, бірінші өзіңді өзіңді өзгерт деген, өзгеруге талпынамыз әр күні, бірақ "сүймейтін адамдармен сүйістіріп" жатса қалай стимул болады??????

Кейде, бір сәттер болады, қиялыңа қанат бітіп, оймен жер шарын аралап, жалғанды жалпағынан кезіп шығатын. Барлығы да, күнделікті өмір сүріп отырған ортамызға байланысты. Егер сол ортаңнан үзіліп, жеке ойыңды мақсатқа айналдырып, күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәт мойныңды бұрып, өмірді жаңа қырынан қарап, талпыныс жасамасаң айналаңды қоршап отырған көпшілікке жұтылып, өзіңді жоғалта бересің. Өмірде бір тәртіпке бағынуды мойындаймын, бірақ ол тәртіптің өзің өмірлік маңыздылығына назарыңды аударып, дер кезінде шешім қабылдау, көбіміздің қолымызан келе бермейді. Сондықтанда, ойлаймын, классикалық ойлау жүйесіне өте отырып, бір мақсаттың бірнеше қосымша нұсқалары болуы қажет деп. Кейде, өткен күндер шақтарын еске алып, өзімнің кейбір парақ беттеріне қалдырған ойларымды оқып отырып, бір күлемін, бір ойланамын, кейде таңырқап та қаламын. Бірақ, Аллаға шүкір сол кезде алдыма қойған мақсаттарымның негізгілеріне қол жеткізіппін. Мұны ойдың материализациялануы деп атаймыз ба, әйтеуір ойыңмен мақсатты қабысып жүзеге асып жатқан жерлері бар. Бірақ, сол кезеңдер мен тоқталып, мақсаттың жүзеге асқаннан кейінгі жақтарын ойлану туралы ой келмегенін соңғы кездері өзім сезіне бастадым. Сондықтан да, адам алдына мақсат қойғанда, оның орындалғаннан кейінгі кезеңдерді естен шығармауы керек деген шешімге келіп отыр. Мақсат, бағдарсыз адам жоқ. Оның өзін дұрыс қолдана білген адамның алар асуы әрқашан алда деп есептеймін.

  Бірді айтып, біріне кетіп жатырмын, негізі тағдырдың қатал екенін екенін ескерсек, кез-келген уақытта барлық жағдайға даяр болып, өзіңді бейімдей білуде үлкен жетістік. Менің бойымда жетіспей жүрген қасиеттің бірі осы болса керек. Өйткені, ішкі дүниемді сыртқа тез білдіріп қоямын. Жасыра алмаймын жеккөретін дүниелерімді. Бүгінгі күннің қорытындысынан түйген ой, "сүймейтін адамыңды, сүймейтін жағыңнан қарамай, сүйісуге итермелеп тұрғандықтан, сырттай маскамен сүю" деген ойға келіп отыр. Әйтпесе, бұл жалғанға сыймайсың!

пысы: оймақтай ой "Досыңа қарап бой түзейсің, досыңа қарап ой түзейсің"! Ал, қайтесің, өмір болған барлығын да көресің, көнесің, осылай ішкі жеккөрініш ойыңды сыртқа шығару арқылы, өзіңді жаңа өмірге бейімдейсің!