Үгіт

Үгіт
жеке
блог

Атаң болса анаңмен,
Алтыннан соққан қорғаның.
Ағаң болса ақылды,
Ешкімнен кем болмадың.
Інің болса жанашыр,
Семсер-қылыш білегің.
Ақылды қыз, ақылды ұл,
Өкпе-бауыр білегің.
Жақсы болса жұбайың,
Жанып тұрған шырағың,
Жайлауында дүниенің,
Жақсы қоныс – тұрағың. Жаман болса туысың,
Арқалаған құммен тең.
Жақсылығың істеген,
Елекке құйған сумен тең.
Келіннің зекіп сөккені,
Езіп берген умен тең.
Көңілсіз берген тамағы
Күл аралас құммен тең.
Жаман болса жұбайың,
Көрген күнің түнмен тең.
Ақылсыз бала алдыңда,
Көрініп тұрған жынмен тең!