Бүгін сенің туған күнің!

Бүгін сенің туған күнің!
жеке
блог

Көктемнің ерке де көрікті айы сәуір біздің ауыл үшін қуанышты сәттерге толы болды! Лайым солай болсын дейік!

Бүгін тағы да сондай ерекше күн десек артық айтқандық емес. Бұлай дейтініміз, бетке ұстар әріптестеріміздің бірі Фараби Арыстанбек бүгін, яғни 23 сәуір күні туған күнін атап өткелі отыр))


Құрметті Фараби! Сені ғұмырыңдағы 22-ші көктеміңмен шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы өмірде де абыройын артып, еңбегің жана берсін! Әріптестеріңнің, туған-туыс, дос-жарандарыңның ортасында сыйлы болып, бақытты ғұмыр кеше бер!

Сені қашанда биіктерден көрейік. Қадамыңа - гүл, келбетіңе - нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа - жас, басыңа бас қосылсын! Отбасыңа - амандық, денiңе - саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманың - асқақ, шығар биігің асқаралы болсын!


Әрдайым осы ер жігітке тән қасиетіңнен таймай бәрімізге үлгі болып жүре бер! Оқырмандарың да, оқырмандарыңа берерің де көбейе берсін!