Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Эстафета: 2011 жылдың ең үздік сипаттамалары

Эстафета: 2011 жылдың ең үздік сипаттамалары

Эстафета: 2011 жылдың ең үздік сипаттамалары

2011 жыл санаулы күндерден кейін өз мәресіне жетеді. Жаңа жыл (ар жағында туған күнім) мен үшін өткен күндерге шолу жасап, есеп беру күні. Эстафета кезегі маған жетіпті, мен ең, ең, ең дегендерді айтып көрейін.

Жылдың оймақтай ойы: «Қазаны бөлектің қайғысы бөлек»

Жылдың үздік сайты: on.kz (massaget.kz)

Жыл танысулары: өте көп

Жыл кездесулері: өте көп

Жылдың үздік тағамы: үйрек етінен пісірілген кәуәп

Жылдың үздік сусыны: қаражидек шәйі

Жылдың ең үздік жазушысы: О. Генри, В. Токарева

Жылдың ең үздік кеші: өте көп (ерекше есте қалғаны 28 сәуір)

Жылдың ең үздік әндері: Қорлан Картенбаева «Көңіл сыры», Марина Девятова «Не думала, не гадала», Злата Огневич «Кукушка»

Жылдың ең үздік музыкасы: «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің орындауындағы саз саңлағы Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйі

Жылдың ең үздік қаласы: Ару Алматым

Жылдың ең үздік көшесі: Абай даңғылы

Жылдың ең үздік фильмдері: «Один день», «Любовь любит случайности», «Главное, не бояться», «Тариф на лунный свет»

Жылдың ең үздік телефоны: Nokia, Nokia және тағы бір Nokia

Жылдың ең үздік гүлдері: қызғалдақ пен раушан гүлдері

Жылдың ең үздік мезгілі: жылдың төрт мезгілі ))

Жылдың ең үздік түсі: қызғылттан басқа барлық ашық түстер)

Жылдың ең керемет жандары: ата-анам, бауырларым, достарым және де жаныма жақын жандар

Жыл ашылуы: 23 жыл күткен метро

Жыл күйініші: нағашы апамның 93 жасқа қараған шағында арамыздан кетуі

Жыл уайымы: көктемде табан асты мамамның ауруханаға түсуі, күзде әкемнің денсаулығының сыр беруі (қос қанатыңның мұндай жағдайын көргенде, жеке басқа қатысты барлық келеңсіз әрі жағымсыз жәйттарға мән бермейді екенсің)

Жыл қуанышы: екі мәрте тәте, бір мәрте қайынбике, тағы бір мәрте қайынсіңлі аттандым, оқуға түстім, жұмысымды ауыстырдым

Жыл қорқынышы: аяғымды кесіп жатқанда, «енді ар жағы не болар екен?!» деп қорықтым

Жыл сапары: үй мен жұмыстың арасы

Жылдың жауы: агент

Жылдың ең үздік марапаты: «Ең үздік дауыс иесі» номинациясы бойынша топ жарғаным

Жылдың ең үздік атауы: Жеңімпаз аттанғаным

Жылдың ең үздік биі: латын билері

Жыл шақыруы: тойыма шақыруым

Жыл эфирі: «Көршілер» бағдарламасына қатысуым

Жылдың қызықты оқиғасы: өте көп, ерекше есте қалғаны балмұздақ болғаным

Жылдың жүйкені жұқартқан жағдайы: әдептіліктен бейхабарлық

Жылдың лақап аты: «заңсыз пиар-менеджер», «кіндігі театрға қарай лақтырылған қыз», «ведьма»

Шыны керек, 2011 жыл мен үшін ауыр жыл болды. Әрине, қуанышты сәттер көп болды, бірақ келеңсіз жәйттар мен отбасылық жағдайлар мені бұл қуаныштардан алыстатты. Ақ Азиада күндерінен бастау алған бұл жыл ерекше болды. Ел мерейін асқақтатқан қысқы ойындардың куәсі болдым. Латын билерін жалғастыру мақсатында би сабақтарын жалғастырған болатынмын. Өкінішке орай, аққа орап, апамыздың сүйегін шығардық. Бір аптадан аяулы жаным мамама операция жасалды. Кейін әкемнің де денсаулығы сыр берді. Қоян жылы менің жылым (біздің жұлдызнама бойынша), сондықтан болар, біраз қиындықтар бастан өтті.

Жақсылықты да айту керек. Ерназар мен Айша есімді кішкентай жиендерім дүниеге келді. Оқуға түстім, жұмысымды ауыстырдым. Достарымның саны артты. Жаңа таныстар пайда болды. Басты жауым агент бағдарламасына деген тәуелділігім өшті. 

Барлық жамандық пен мұң-қайғы осы жылмен кетсін! Жаңа 2012 жыл тек жақсылықтарға толы болсын! Әр шаңырақта шаттықтың шашуы шашылсын! Басымыз аман, бауырымыз бүтін болғай!

 

Эстафета таяқшасын Айнараға тапсырамын

5310 22
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 22 желтоқсан 2011, 12:25
Тегтер: эстафета, ең үздік сипаттамалар, 2011 жыл, қуаныш, марапат, шақыру, телефон, фильм, музыка
Пікірлер
+0
22 желтоқсан 2011, 12:34

рақмет!! "Ведьма" деген кәсәнә білемін:) еркелеткені ғой.)

+0
22 желтоқсан 2011, 12:34

кісіні:)

+0
22 желтоқсан 2011, 12:34

кісіні:)

+0
22 желтоқсан 2011, 13:06

Жылдың ең үздік марапаты: «Ең үздік дауыс иесі» номинациясы бойынша топ жарғаным. Ол қашан, қайсысы?

+0
22 желтоқсан 2011, 15:48

Ол қызыл патида болған!!!Ғазизаның керемет даусы есімде қалды!!!

+0
22 желтоқсан 2011, 13:18

иә, көршілерде звездный часың болғандай )))

+0
22 желтоқсан 2011, 16:23

Иә, сіз мені ТД-дан көріп мәз болып едіңіз))

+0
22 желтоқсан 2011, 13:39

Жыл сайын осындай жақсы өзгерістер бола берсін!

+0
22 желтоқсан 2011, 14:39

Келесі жыл бұдан да керемет болсын! Армандарың орындалсын! )

+0
22 желтоқсан 2011, 15:26

2012 жыл тек қуанышқа толы болсын!Ура!Ура!Ура!

+0
22 желтоқсан 2011, 15:49

Қаражидек шәйі! Иә, иә...

+0
22 желтоқсан 2011, 16:17

Made in China =))

+0
22 желтоқсан 2011, 20:04

Cіз үшін де бұл жыл бекер өтпепті. Алдағы жыл да жағымды жаңалықтарымен есте қалсын. Мен де биыл агентке деген тәуелділігімді жойдым. Қазір тіптен отырмаймын десем де болады. )))

+0
23 желтоқсан 2011, 08:50

Өте дұрыс! Қуаныштымын))

+0
23 желтоқсан 2011, 00:57

Салем!Иә расында бұл жыл бекер өтпеген сыңайлы.Алдағы уақытта тек қана жақсылықтарға толы болсын!

+0
23 желтоқсан 2011, 10:43

Жылдың үздік сайттары: on.kz(massaget.kz) ....Десейш... on.kz(massaget.kz) үздік сайт па? Шегім қатты)))))) Қайдағы жоқ шаршап қалған сайтты үздік сайт деп. Уахахахахаха.

+0
23 желтоқсан 2011, 12:41

қазанымыз бөлек болса да барлық жағдайда бірге болайық!

+0
23 желтоқсан 2011, 12:47

Сайлау алдында ұрандап кеттіңіз ғой)))

+0
23 желтоқсан 2011, 19:53

Тойға шақыруың, Ғазиза, ИншаАЛЛАһ, расымен орындалсын. Келесі жылы массагет қыздарының барлығы тұрмысқа шықсын, ИНшаАЛЛАһ. Тойға барғым кеп жүр. ))

+0
24 желтоқсан 2011, 01:21

)))) Тіпті, күнін де айтып қойдым, сондықтан, ақырындап дайындала бер)))

+0
27 желтоқсан 2011, 14:46

Келер жылдың әр күні шат-шадыман көңіл-күй сыйласын Газек!

+0
28 желтоқсан 2011, 12:05

Әумин! Айтқаның келсін!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев