Бала кезім-ай :))

Бала кезім-ай :))
жеке
блог

   Бала күнімдегі бір оқиға есіме түсіп кеткені. Бастауыш сыныпта оқып жүрген кезім. Өзім кішкентайымнан ағаммен бірге ойнап, далада ұлдардың арасында, еркекшоралау болып өскенмін. Ұлдармен бірге подвалға да түсіп, түрлі жаман сөздерді де үйреніп алып ұялмай айтып жүре беретінмін. Мағынасын білмегендіктен ғой әрине. Міне, сол ұлдардан үйренген бір анекдотты өзімше класстастарым мен ұстазымды күлдірем деп, ата-анамды ұятқа қалдырған кезім болған. "Соғыста өзбек пен қазақ бір окопқа жүгіріп келе жатады. Өзбек қазаққа "Ят, ят"деп айқайлайды. Қазақ болса "Отан үшін" деп немістерге қарсы жүгіреді. Немістердің бомбасынан қазақтың денесі екіге бөлініп, денесі бір жақта, белден төмені басқа жаққа ұшып кетеді. Өзбек бас жағына келіп отырып: "Ят дедім, ятпадың, Отаным дедің Отаным! Қайда қалды көтәнің?" деген екен." Осы анекдоттан кейін ұстазым ата-анамды жиналысқа шақырды. Ал мен кейін үйде анамнан сөз естіген болатынмын)))