ҮЗДІК БЛОК 2011...

ҮЗДІК  БЛОК  2011...
жеке
блог

ҮЗДІК  БЛОК  2011...

 

—  Алматыда тұңғыш рет өткен қазақ блогшыларының І құрылтайы барысында қазақ тіліндегі 2011 жылдың ең үздік  блогтары анықталды.

—  ҚИСЫҚ блоГ

—        Саусағымыз қисық болса да,

—               ниетіміз түзу болсын

—  Айдарлар

—  Киностан

—  Мл-мл

—  Қазақстан қызықтары

—  Ойға келген ойлар

—  Өле жегенше, бөле же

Асхат Еркімбай – қазақ журналистикасына «блог» ұғымын енгізген алғашқы қазақ блогшысы. Ол интернет-журналистиканың көшін ілгері бастап, соны жаңалықтар әкелуде үлкен еңбек сіңірді. Көптеген халықаралық түрлі семинарлардың, конференциялардың, жобалардың қатысушысы және жүлдегері. 2006 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының жас журналистерге арналған шәкіртақысын жеңіп алған ол Нью-Йорк қаласында екі айлық тәжірибеден өтеді.«Award.kz 2008» ұлттық интернет жүлдесі байқауын ұйымдастырушылардың бірі. Ол 2011 жылдың наурыз айында алғаш рет қазақ блогшыларының басын қосып, «Қазақ блогшыларының құрылтайын» өткізді.

Асхат Еркімбайқазақ журналистикасына «блог» ұғымын енгізген алғашқы қазақ блогшысы. Ол интернет-журналистиканың көшін ілгері бастап, соны жаңалықтар әкелуде үлкен еңбек сіңірді. Көптеген халықаралық түрлі семинарлардың, конференциялардың, жобалардың қатысушысы және жүлдегері. 2006 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының жас журналистерге арналған шәкіртақысын жеңіп алған ол Нью-Йорк қаласында екі айлық тәжірибеден өтеді.«Award.kz 2008» ұлттық интернет жүлдесі байқауын ұйымдастырушылардың бірі. Ол 2011 жылдың наурыз айында алғаш рет қазақ блогшыларының басын қосып, «Қазақ блогшыларының құрылтайын» өткізді.

Блогшы Ербол Азанбектің   «авто.кз» блогы.

Ербол Азанбек - Журналист, PR маманы, блогшы. Алматы облысы Кеген ауданы, Саты ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін қоғаммен байланыс (PR) мамандығы бойынша 2006 жылы, 2008 жылы журналистика мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған. Студенттік PR жобалар жарысының, жас ақындар мүшайраларының, «Дидар 2006» студенттер кинофестивалінің жеңімпазы. 2006-2008 ж.ж жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. «Boni media group», «ECOM» ЖК жетекшісі. 2008 жылдан бері «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық ақпарат агенттігінде аға тілші. «MediaNet» журналистика мектебінде жаттықтырушы. Ерболдың бастамасымен 2010 жылы «MediaLab» медиа коммуникация орталығы» ҚБ құрылды.

Сонымен қатар «Ең жас блогшы» ретінде Моңғолияда тұратын кішкентай қандасымыз Лашынның блогы аталды. Ал ең үздік пікір жазушы болып Асқар Базарбаев танылды.

жылдың үздік блогтарына «Nokia» компаниясы ұялы телефон сыйға тартса, «Қазақтелеком»АҚ-ы 1 жылға тегін «Мегалайн» қызметін ұсынды, сонымен қатар НР компаниясы түрлі-түсті принтер мен нетбук сыйға тартты.

Сонымен қатар құрылтай барысында старт-ап байқауы өткізіліп, 3 үздік жоба анықталды. Германияда оқитын студент Сағын Қалдыбековтың «Ана мен бала» сайты,  Талғат Байназаровтың «Geogebra» жобасы, Ербол Серікбайдың termin.kz сайты, моңғолиялық қандасымыз Өмірбек Қабайдың «kazlife.com» сайты үздік деп танылып Kcell/GSM Қазақстан компаниясы тарапынан 100 мың теңге мен «Қазақтелеком»АҚ тарапынан тегін хостингке ие болды.