Шынымен бастаймын,Жалғас!!!

Шынымен бастаймын,Жалғас!!!
жеке
блог

   Бастайық деп отырып аяқтаған адамды бірінші рет көруім дейді  Жалғас). Негізі бірден тағы да жазбалар жазамын деп ойлаған болатынмын. Алайда, шіркііііін сабақ дегеннің басталар уақыты келіп қалды. Өзім Абылайхан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде оқимын, соңғы курс.. Соңғы курста бәрі бұрынғыдай емес, көбісі жұмыс жасайды, тұрмысқа шыққан қыздар қаншама.. Вопшым алғашқы жылдағыдай ұмтылыс жоқ көбінде, кейбіреулері тіптен  асханадан тіке үйге  қайтады). Кейде сағынышпен еске аламын сол 1-ші курсымды. Әлі есімде, ұйқысыз өткізген түндерім, кітапты құшақтап ұйықтайтын кездерім. Ол кезде Абая-Жароковада орналасқан кітапхананың табалдырығын тоздырушы едік.Таңертеңнен кешке дейін сабақ, одан шығып кітапхана. Соңынан үйге қайтарда қысылып, автобустың ішінде тұратынбыз Абаяның бойындағы тізілген көліктердің арасында. Жаңа қала, жаңа орта,ол кезде мен үшін бәрі-бәрі жаңадан басталды). Өмірі мұндай пробканы, автобустың ішінде қысылып көрмегеннен соң ба үйрену қиын болды басында. Кейде басым салбырап, сабақтан қайтып бара жатып, көзімнің жасын сүртіп алатынмын...Үйді сағынып, үйренісе алмай біраз уақыт жүрдім. Дегенмен уақыт бәрін шынымен де өз орнына келтіреді екен. Ол сәттер де өтті, қазір дәл осы Алматыда туып өскендей Алматыны сүйем!! Негізінен өзім Шымкент қаласынанмын. Өздеріңіз секілді арман қуып Алматыға жеткен жандардың бірімін!! Ендеше осы жерден тоқтайын әзірге))!