Массагет — Мело'МЭН

Массагет — Мело'МЭН
жеке
блог

АССАЛАМУ'АЛЕЙКУМ, Массагет ауылының тұрғындары!

Массагет сайты туралы біраз естіген соң, тіркелмесем болмайды деп, тіркелдім! Жақсы екен!

Есімім менің — Ғабит! Мело'МЭН тобының мүшесімін! Туған жерім — Шымкент қаласы.

Қазір шығармашылығымызбен қызу айналысып жүрміз. Жоспар көп. Уақыт болса аз... Жақында алғашқы кештеріміз өтеді, Қазақстанның бірқатар қалаларында. Жаңа әндер жаздық, клиптер де түсіріліп жатыр. Жаңа әндерге халықтың беріп жатқан бағасы жаман емес сияқты... Айтпақшы, "Кеш жарық" бағдарламасының осы аптадағы көрсетілімінде біз көрініп қаламыз. Біз Алма Аманжолованың репертуарындағы, Ұлықбек Есдәулетов ағамыздың сөзіне жазылған, Алтынбек Қоразбаевтың "Қара пима" әнін орындаймыз. Біз үшін дәстүрлі бағытта ән салу жаңалық болды... Ал, Алма апайымыз біздің төлқұжатымызға айналып кеткен "О,махаббат" әнін орындады... Бағасын көрген соң, бере жатарсыздар, иә?!

Және... "Өнеге" журналының алдағы санында біз жайлы оқи аласыздар.

Әзірге осы! Мына сайттан шықпаңыздар!!! Өте керемет, бастысы, қазақша екен!!!