Білесің бе?!

Білесің бе?!
жеке
блог

Білесің бе?! Өкінбеймін өткенге,

Сезімге ыстық қолым енді жеткенде

Тәңірдің тартқан тәтті сыйы

Ащы мұңға айналарын білгем бе?!

 

Әлі есімде көгілдір өткір көздерің,

Әлі есімде мені өзіңе ғашық еткен кездерің.

Жалғыз сен деп соққан жүрек лүпілін,

Бір өзіңе арналған жан жылуын сезбедің.

 

Білесің бе?! Өкінбеймін өткенге,

Барлық адам арманына жеткен бе?

Жүрекке сүйген қосылу жазбаса да

Жоқ менің бұл өмірге өкпем де.

 

Сенсіз бақыт табу мүмкін екен бе,

Амал бар ма тағдыр деген шіркінге.

Өзім еккен пәк сезімнің, ақ гүлдің

Күлтелерін жұлудамын біртіндеп.

 

Толы еді күлтелері ақ гүлдің

Сағынышқа, қайталанбас ән - жырға.

Бір айналған орындалмас арманға,

Бірі толы ешкім сезбес сыр - мұңға.

 

Күлтелері ақ гүлдің көк аспанға ұшқанда

Қимас көзбен ұзақ - ұзақ қарады.

"Жалғызым" деп соққан жүрек лүпілі

Күлтелермен келмеске ұшып барады...