Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Жас суретшілер Гүлстанда...

Жас суретшілер Гүлстанда...

Жас   суретшілер   Гүлстанда...

          Өмірде сұлулыққа тұнып, адамды құштар етіп, ұмытылмас сезімге бөлеп әкетер ғажайыптар көп. Ал, сұлулықты қабылдай алу үшін айналамызға қарап, бір сәт бізге табиғаттан дарыған керемет байлықты бағалауымыз қажет. Ал, табиғатты аялап, оның адам өміріндегі маңызын түсінуде  өнер  адамдарынан кім озар?! Сазгер болсын, суретші болсын  барлығы дерлік шабытын табиғаттан алады. Осындай   көрікті жерлердің  бірі «Гүлстан»  саябағында жақында «жас суретшілердің» пленэрі өтті.Оған  Ә. Қастеев  атындағы  суретшілер  мектебінен   50-ге   жуық   жас  суретші   келді.


           Пленэр (фр. plein air — ашық ауа) — айнала қоршаған атмосфера мен    күн сәулесі   әсеріне   байланысты   картинадағы   барлық   бояу түсінің өзгеруін білдіретін кескіндеме ұғымы. Пленэрлік   кескіндеме    суретшілердің натураны    дәлме-дәл    бейнелеу үшін   картинаны    шеберханада    емес, ашық далада    салуынан   қалыптасқан.   

 

         Жарты сағатқа созылған экскурсия арқылы балалар ауладағы барлық өсімдіктер жайлы толық мәлімет алды. Экскурсиядан соң олар 3 топқа бөлініп, өздеріне берілген тапсырма бойынша  сурет  салды.

 

     

                                           Неткен  талант десеңізші!

 

          Талантқа  талас  жоқ...

 

                Бес сағатқа созылған пленэр «Гүлзар» қоғамдық  бірлестігінің директоры Б.Әскербекқызының жас суретшілер туындыларын бағалауымен қорытындыланды.Қазақ бейнелеу өнерінің дамуына сүбелі үлес қосатын Әбілхан Қастеев секілді біртума суреттшілеріміз  көбейе  берсін!


5296 14
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 07 ақпан 2012, 00:07
Тегтер: Гүлстан, пленэр, Батима Қабдолданова, Гөзел Әліпбекқызы, Ә.Қастеев, суретшілер
Пікірлер
+0
07 ақпан 2012, 03:02

Менің ойымша, жас сүретшілерді алдымен еңбекке, салт-дәстүрге баулау керек, кейіннен сурет өнері немесе графика сияқты техникаларға үйретуге болады. «Табиғатты аялау» деген лепірмелі сөздерді қолданыстан бұрын, әсем және көрікті сурет өнеріне байланысты сөздер қолдану керек қой? Алдымен адамды аялау керек, кейіннен табиғат, мен түсімбеймін, неге табиғат адамнан басты мәселе? Неге табиғат адамнан үстем? Иә, табиғатты қорғау керек дегенмен мен келісемін, табиғатқа зиян жасау ақымақтық, не дегенмен суретші(адам) мен табиғат бөлек нәрселер.Cөздердің азырақ майын ағызып жазып үйреңіздер, осы үшін мен(өз басым) қазақ журналдарды алмаймын.

+0
07 ақпан 2012, 09:26

Адам мен табиғатты бір-біріне қарсы қойып отырғаныңызға жол болсын. Адам - табиғаттың бөлшегі емес пе? Менің ойымша, бұл сұраққа бас қатырып та керек емес...

+0
07 ақпан 2012, 14:52

Адам мен табиғатты бір- біріне қарсы қойған емеспін, сөйлемге кішкентай назар аудару керек, иә, адам табиғаттың бөлшегі оны ешкім жоққа шығарған жоқ қой? Қиялыңыз өте бір...қалай айтсам ба екен, жақсы, сіз барлығын білесіз ғой. Негізінде менің айтқым келгені барлығы рет- ретімен болу керек.

+0
07 ақпан 2012, 11:23

"Гүлстан" жақсы журнал. Мерейлеріңіз үстем болсын!

+0
08 ақпан 2012, 22:36

Үлкен рахмет, Ардақ!

+0
07 ақпан 2012, 14:42

Суреттері тамаша екен!!

+0
07 ақпан 2012, 14:43

Суреттегі Гүлстанның саябағы ма?! Керемет!

+0
08 наурыз 2012, 09:38

Иә, бұл "Гүлстан" гүл алқабы. Күн жылынса, эксурсиялар басталады. Массагеттіктерді арнайы шақырамыз бағымызға!!!

+0
07 ақпан 2012, 16:52

Күштіііі!!! Менің де осылар сияқты сурет салғым келеді.

+0
07 ақпан 2012, 18:16

Күшті салады екен

+0
08 наурыз 2012, 09:38

Иә, тамаша салады! Талантты суретшілер!

+0
08 наурыз 2012, 09:39

Иә, керемет салады)))

+0
11 ақпан 2012, 18:14

Наз, калайсын? Соны айтшы )))

+0
08 наурыз 2012, 09:39

Өте жақсымын, рахмет, Мадлен!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев