"жұлдыздың" есімін алған қыз
жеке
блог

"жұлдыздың" есімін алған қыз

Жанары күлегеш,жүрегі жылауық,сезімі санасыз,

Қадірі мың қыздық,бірақ та болып жүр бір үшін бағасыз.

Сүймейтін серіні сүйгісі келетін ерке қыз,

Мүмкін бе?? Бұл күнде жүр жалғыз шарасыз.

 

Шын ғашық  сондықтан ғашықтық азаптың у дәмін татады,

Көргенде көздерін қимаймын қайғыға,жаныма батады.

Кей кезде кездейсоқ кездесіп қаламыз әйтпесе,

Сабаққа келмейді,үйінде терең ой ішінде жатады.

 

Төзімі темірдей,шыдамы күтуден мүлде емес шаршаған,

Мен кейде көңілін көтермек болып та ән салам.

Қасында жүрсе де қайғы мен мұңының себебі,

Алыста жүргендей сол әлгі арманы аңсаған.

 

Санасын сол қыздың қызғаншақ қырық ой билейді,

Бұл өртке оранған ал әлгі арманы оған түк куймейді.

Сезімі ұқсайды қаңбаққа,аумалы-төкпелі,

Кетеді,келеді,жылатып,жұбатып,сүйеді,сүймейді.

 

Былтыр да,бұрын да тұрушы ет көзінен ай күліп,

Қайырымсыз қараша және де желтоқсан қоймады жайлы ғып.

Қазір ол бұрынғы кез емес бір үміт ішінде,

Бір күліп,қуанып жүр және қайғырып....

Желтоқсан 2012 жыл..