Клип! Дубль 2

Клип! Дубль 2
жеке
блог

  Сәлем құрметті менің достарым! Өткен жолы сіздерге эстрадамыздың жарық жұлдызы, Інжудің судай жаңа бейнебаяны жайлы айтып өткен болатынмын. Осы жолы да Тараздық әншілерге тоқталғым келіп отыр. "Жебе" тобын білетін боларсыздар. Бұрын 4 жігіттен құралған квартет, қазір триоға айналды. Жігіттердің әндері үлкендердің де көңілдерінен шығып жатыр. Саз әлеміне де қатысып, өнерлерін көрсеткен. Естуімше, Інжу мен Жебе тобының продюсері бір. Жебенің соңғы шыққан "Жалғыз жапырақ" атты әні өзіме қатты ұнады. (Тыңдауға кеңес беремін).

 

  Ал енді осы топтың жаңа бейнебаянына көшсек. "Іздесең мені" деген тамаша әнге түсірілген бейнебаянына көңілім толмады. (Менің көңілімнен шығатын клип бар ма өзі деп ойлайтын шығарсыздар...) Клип неге көңілімнен шықпады? Себебі жасандылық көп. Компьютерлік графиканы слишком қатты қолданған. Қыздың да түрі аянышты, жыламсырап мультфильмнің ішінде жүреді. Жігіттер болса сағаттың ішінде би билеп ән айтып жүр. Ол сағаттың қатысы қанша? Ән ұнағанымен, клипын көргім келмейді. Әттең дейсің осындайда. Жақсы әнге сапалы, көз тартарлық, мағыналы бейнебаян түсірсе ғой шіркін! Бұл клипке қарағанда, "Бақыт сыры" әніне Ташкентте түсірілген клипы тартымдырақ. Ешқандай жасандылық, мультфильм жоқ. Өздеріңіз көріп, сараптайсыздар деген үміттемін)))

 

 

...