-Әулие Валентин күні құтты болсын!(-Кетші, мен қазақпын!)

-Әулие Валентин күні құтты болсын!(-Кетші, мен қазақпын!)
жеке
блог

«Валентинка»

«Валентинка» – мереке емес ол маған

Ол мереке қазақтарда болмаған

Хақ  Исламға бекем болған бабадан

Кім бар екен осы күнді қолдаған .

«Ғашықтардың күні ғой» – деп айтасың

Кем ақылды жан  екенсің сорланған

Сәл ойланшы маңайыңа қарашы

Жандар қанша осы күні қорланған

Осы күні жігіттерден алданып

Саны артады қыздардың да зорланған

Алла тыйған ішімдіктер ішіліп

Он төртіне лас күнәлар мол болған

Біз қазақпыз, мұсылманбыз ежелден

Күнә көрсе ашуланып долданған

Пайдасы жоқ мерекелер бізге жат

Қандай зиян берсем деумен толғанған

Ораза айт бар, Құрбан айт бар мереке

Бабалардың тойлағаны сол болған

Ата жолдан адаспашы өтінем

Тағылымды өнегелер мол болған

«Валентинка» құтты болсын демеші

Қажет емес «СМС» те жолданған.

авторы:Берік Сұлтанов