Өмірімнің қызық жерлерін сызып қойып жатырмын:)
жеке
блог

Өмірімнің қызық жерлерін сызып қойып жатырмын:)

–  «Өмір деген қызық қой, қызық жерін сызып қой!»... – Жәрәйд...

 

Қызық дегенде тек тырқылдап күлетін емес, жүйкең жүн болып, қаның қарайыыып кететін кездер де қызық қой:)))

 

...Осы екінші семестр басталғанда ҚазҰУ-дан бір оқытушы келді. Есімін айтпайм! :) Сол апай жүйкеңе инемен жүз тесік салады ғой ше...еххх...Апайдың екінші сабағында-ау дим, ой, отырып ап өз университетін мақтады-ай! Ол ештеңе емес қой, себебі барлық дерлік оқытушыларымыз ҚазҰУ түлектері. А ол сол жақта да оқытушы. Сонда: «Сендер ертеден қара кешке дейін интернетте отырасыңдар. Ал интернеттің болашағы жоқ! Оған салынған ақпараттар алты айдан кейін өшіріледі. Бізде интернет мүлде дамымаған!» деееееп соғып отыр! Айналайын-оооу, апай, біздің мамандықтың ЭЛЕКТРОНДЫҚ журналистика екені есіңізден шықты ма? Біздің болашақ мамандығымыз, тауып жейтін нанымыз – ИНТЕРНЕТ! Өзімізге жамандааап отырғандай?! Сондағы айтайын дегені, интернеттен шықпайсыңдар, менің студенттерім сияқты күнде ұлттық кітапханада жүрмей, бәрін оңай жолмен тауып алғыларың келеді. Осы күнге дейін мыжып айтайын дегені сол-ау деп қоям енді. Содан сол сабақта шыдамай кеттім де: «Апай, енді біз сол интернетті дамыту үшін осы мамандыққа оқып жатқан жоқпыз ба?» деп едім, біііітті! Әлі күнге дейінгі "мыстаны" мен! И қойш обшым, маған бәрібір!  

 

...Өткенде анамның құрбысы сотка сатып алыпты. НТС Desire алыпты. Оның алдында iPhone туралы сұрайтын менен. Менің кінәм ба, әлде өзі ме дұрыс түсінбепті. НТС алған күні біздің үйге келді, сосын былай дейді:

- iPhone смартфон ба?

- Иә.

- Менің соткам ше?

- Ол да смартфон.

- Онда менің соткам – iPhone!

Муахахахахахаха өлдім күлкіден! «Иә, конечно!» дедім сосын:))))

 

 

...Автобуста. Жыным келеді автобусқа мінсем! Әсіресе таңертең. Музыка тыңдап тұратындардың наушнигі мен кұлағын бірге жұлып алғым келеді. Наушникпен тып-тыныш тыңдап тұрғандарға әңгіме жоқ қой, өзі тыңдап, дауысын максимальныйға қойып топас музыкаларын бүкіл автобусқа тыңдатады ғой, ыыыый қаным қайнайды!!! Ааа, бірді айтып бірге кетіппін, обшым бір күні сабақтан қайтып келе жаттым автобуспен. Тұрып тұрмын. Менің тұрып тұрғаным ештеңе емес, апалар бар ғой үлкен, соларды аяп кетем! Дап-дардай жігіттер отырады көздері бақырайып. Сонда алдыңғы жақтан екі жігіттің дауыстары жарқын-жарқын шығып жатыр. Біреуі отырып алған, екіншісі тұрып алып анаған тиісіп тұр. «Үлкен әжелер, аталар, қарындастар тұрып тұрғанда сен няғып отсың жалпиып?!» дейді. Анаусы бет бақтырар емес, «кетші, менде нең бар?» дей береді. Бір кезде ұрысып тұрған аға ұрып жіберді жыны келіп жалпиғанды! Сөйтті де, «Жүр, шық далаға, жігітше сөйлесейік» дейд. Отырғанға бәәәрібір, «кетші, кет дим» дейді, қорқып отыр ғой енді. Ешкім қой демеді ана ағаға. Енді дұрыс қой айтып тұрғаны. Ой, бір риза болдым-ай!

 

...Тағы бір күні үйге қарай келе жатсам онда да екі жігіт керісіп тұр. Орысша ұрысып тұр. Сондағысы, біреуі былай дейді: «Мәә, бырат он бес минут бойы тазалаған аяғымды басып кеттің! Замш қой ол, жай кожа емес!».................Ужыыыыыс, ужыыыс, масқара! Мынау жігіттер айтатын әңгіме ме??? Жай емес, кәдімгідей дауысы шығып айқайға басыватыр. Мен ұялып кеттім. Мынадай әңгімені мен айтпаймын ғоооой!

 

...Еххх, әзірге осы енді:)))