Нағыз жігіттің сұлтандарына арналады

Нағыз жігіттің сұлтандарына арналады
жеке
блог

Нағыз сері, жігіттің сұлтандарына арналады...

 

         Бүгінгі тақырыбымды біздің  қазақ  жігіттеріне арнағым келеді,  жалпы  біздің қазақ халқы сұлу сөзден, әсерлі әңгімеден,  ұл-қызының  һәм байсалдылығынан ләззат ала білетін халық...

         Қазақ қызы өзінің  тал бойының нәзіктігімен, инабатты кейпімен, ақ жарқындығымен, инабаттылығымен қай адамды болса да  баурай алатынына күмәнім жоқ.  Ал қазақтың жігіттері қандай болуы керек, әр қыз баланың жүрегінің төрінен орын алатын біздің нағыз қазақ жігіттеріміз: -

        Ұзын бойлы, Терең ойлы, Өткір көзді, Қара қасты, Кең маңдайлы, Қыр мұрынды, Кең иықты, Шешен тілді, Жау жүректі бола білуі керек...

        Ал қадір – қасиеті – қырандай алғыр, сұңқардай ер, арыстандай айбатты- жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, Нардай төзімді...

        Қабілет икемі –  Ел басқаратын, дау шешетін, жомарттық жасайтын          

        Зерде зейіні – тылсым сырды ұға алатын.

        Өнер  өрісі – Өмірден әперер сыбағасын.

        Тапқырлық – ерлігі,  дұшпанға найза сұға алатын. Қайрат – қаруы Аяқтан шалғанды жыға алатын.

        Жігер – күші, Қиындықта сыналатын.

         Білімі  Биікке бастап шыға алатын. Адалдығы Туған елі мен дос – жарандарына адал болатын. Әділеттігі  Қара қылды қақ жаратын.        

         Шыншылдығы қаймықпастан  турасын айтатын....   болса артық болмас еді.

        Жалпы біздің қазақ жігіттері, міне осындай өжет бола білсе арманым болмас еді, жігітке 8 өнер де аз дейміз,  осының қыр-сырын түсіне білетін өзін нағыз «Жігіттің Сұлтаны» деп санайтын әр саналы да даналы, адамгершілік құндылығы жоғары жігіттің бәрі білуі дұрыс деп есептеймін... <3