Кеше түсте теледидарды қосып едім, «Хабар» арнасынан үнді киносы жүріп жатыр екен. Байғұс бір қызды әкесі зорлықпен біреуге тұрмысқа беріп жатыр екен. Салттары бойынша той өтіп жатыр. Анау қыздың бет-әлпетінен-ақ көрініп тұр енді, болашақ жарын ұнатпай, мәжбүрлі түрде қосылып жатқаны. Ал, үйленіп жатқан жігітке бәрібір сияқты. Ары қарай көргенім жоқ. Ойыма қайдағы бір жағдайларды есіме түсіріп жіберді. Кадрдағы көріністерге қарап олардың орына өзімді қойып елестетіп көрдім. Құдай сақтасын! Өз ойымнан өзім шошып кеттім ғой.
Былтыр дәл осы айда нағашы әпкемнің үйінде жүргем осы Алматыда. Бір құрбысы бар болатын. Сол үйге жиі келгіштеп кетті. Ойымда ешнәрсе жоқ, «Тәте, тәте» деп өліп қала жаздаймын әр келген сайын. Бір күні әпкем айтады: «Құрбыма ұнап қалыпсың. Оның туған кенже інісі бар екен. Соған сені айттырып келмекші бір күні», — дейді.
Маған бола сол бауырын сонау ауылынан шақыртып алыпты. Сосын жатып келіп ренжімеймін ба әпкеме! Әпкем де әрине қимайды ғой мені. Бірақ, құрбысына қарсы келе алмаса керек. «Алдымен көр, таныс, кездес. Ұнатпасаң зорлап қоспаймыз ғой оған» деді әпкем. Кездеспек түгілі көргім де келіп тұрған жоқ ол жігітті! Енді не істеймін! Ол жігітке деген мүлдем интерес жоқ қой менде. Аты кім, қай жылғы, немен айналысады? Ондай сұрақ мүлде қойғаным жоқ. Өздері айтып жатыр. 80-жылғы екен есімде қалыпты.
«Менің әзір күйеуге шығатын ойым жоқ, магистратураға тапсыруым керек» деп сылтауратып шыр-пыр болып жүрмін. Содан менің сөздерімді қарсы тарапқа жеткізген болу керек. Қарсы тарап жауап айтып жіберіпті. «Өзіміз оқытып, өзіміз шоқытамыз. Керек десе сол Алматысында тұрғысы келсе де қарсы емеспіз» депті. Мәссаған безгелдек! Енді қайтем?! Қайтіп құтылам олардан?!
Қалай түсінбейді менің жаным қаламай тұрғанын. Жаным қалап тұрса, сүйген адамыңмен жердің түбіне де баруға дайын екенімді түсініп жатқан біреу ма?! Жоқ. Содан пәлен күні келеді дегеннен бастап сол күні үйде ЖОҚ боламын. Жұмыстан қайтпай кешкі сегізге дейін отырып алатынмын. Сөйтіп олар да жалықпайды, менде жалықпаймын қашудан.
Сосын жұмысты сылтауратып қашып жүргенімді байқап жексенбі күні келеміз деп сәлем айтып жіберіпті. «Келсе келе берсін, мен ол күні үйде болмаймын» дедім. Жексенбі күні жездемнің бауырының балаларына қарайтын ешкім жоқ екен үйінде. Как раз мен бағып беруге ерікті болып, сол үйге аттанып кеттім. Ойымда ешнәрсе жоқ. Есік тықылдайды. Ашсам, бір топ адам сау етіп үйге келіп тұр! Құдалар мен күйеу жігіт! Осыдан соң қашып құтылып көр!
Сонымен дастархан жайып, сызылып шәй құйып бердім. Міндетім болған соң. Ешқайсысының түріне назар да аудармадым. Ақыры не керек, екеумізді оңаша қалдырып өздері кетіп қалды. Бір-екі ауыз бірдеме деп тергей бастады әлгі жігіт. Мен мандытып жауап та қатпадым. Балаларды алдым да мен де басқа бөлмеге кетіп қалдым бір есебін тауып. Отыра отыра іші пыстыма әлгі жігіт сыртқа шығып кетті. Терезеден қарап қоям, мүлде кетіп қалса жақсы болар еді деп. Жүрегім қағысынан жаңылып қалған сияқты. Әйтеуір сол күні кешті зорға батырдым. Әкелген сыйлықтарының бірін де өзіме алмастан басқаларға үлестіре салдым.
Сол жағдайдан кейін ұнатпағанымды түсінген шығар деп ойласам, қателескем екем. Әлгі жігітке батылдық қайдан пайда болғанын қайдам, үйдің телефонына күнде хабарласады. Сұраса «Жоқ» деп айтыңдар деп телефонға мүлде жоламай кеттім. Қырсыққанда ұялы телефоныма да бір тыным болмай кетті сол кезде. Нөмірімді кімнен, қайдан алғанын қайдам бөтен біреулер хабарласқыш болып кетті. Соның ішінде әлгі жігіт те бар. «Кет!» десеңіз ит те кетеді емес пе. «Ұнататын адамым бар» деп өтірік алдасам да құтыла алмай қойдым. Содан кейін бөтен нөмір немесе жасырын нөмірмен хабарласқандар болса мүлде көтермей қойдым. Онсыз да телефонды көтеріп жүргенім шамалы еді. Құтылдық қой ақыры!
Содан жүрегім шайлығып қалған. Қазір де бөтен нөмір немесе жасырын нөмір хабарласса болды жүрегім дір ете қалады. Басып тастаймын да отыра беремін. Ол кім болды екен деп те қызықпаймын ғой жарықтық. Кейде таныстарым хабарласып қалып, көтерей алмай жүреді. Тек sms жазып жібергеннен кейін ғана ит болып өзім хабарласып жататын жаман әдетім бар. Телефонымды өшіріп тастасам тіпті жаным кіреді. Бұл әдетіме таныстарым да ренжіп жатады. Осы әдеттен құтылу керек болып жүр енді.
Пы Сы: Айтпақшы жақында сол тәтені көріп қалдым. Бұрынғыдай қол беріп, бетінен сүйіп амандаспадым. Жәй ғана «сәлеметсіз бе?» деп жанынан өте шықтым.
Хе хе Қыпшақ қыз-ау тура сол оқиғаны өткізіп жатқандайғып жазасың ғой күшті ғып. Өлдім ғой күлкіден :)))). Түсінем ол кезде күлуге шамаңда келмеген шығар :)). Біздің апа сондай, біреуге айттырып жүреді, басында бір туысқан інісіне таныстырған мені, ол балада қызық үйден шықпай келе береді. Менің жыным кеп, апамдарға бармай қойдым мүлдем. Апам қоймайды, содан "өзіңіз үйленіп алыңыз, маған ұнамайды" деп ұрсып тастадым. Содан кейін маған ешкімді таныстыруға батылдары бармайды.
Ее, Айкон мұңымыз бір екен ғой онда! Хихихи! ))
"Ал енді осыдан кейін соның бәрін ойлап, іштей өкініп жүрмін..." деп қостап қою керек еді. Әйтпесе әңгіменің шешімі болмай тұр.
Жоғи, қайта құтылғаныма қуанып отырмын ғой. ))
Қыпшақ қызы-ау, неге бірден жолын байлап тастадың? Қандай жігіт екен, бәлкім сырттай онша болмағанмен жан дүниесі кең адам шығар? )) (Мен сол қыздарды жігіттермен таныстыру әдетімнен таймаймын).
Шын айтсам, жастық шақта бәрі оңай көрінеді. Жігіттерге әрлі-берлі "Жоқ" деп жоғалтып жібересің де, кейін солардың бірі де жоқ болады ғой. Жақын танысуға мүмкіндік беру керек деп ойлаймын. Әлбетте, болады кейде бір көргеннен сенің адамың емес екенін байқайсың, ал басқа кезде өз-өзіңе шанс беру керексің. Әйтпесе, жігіт деген далада шашылып жатқан жоқ. )
Дұрыс айтасыз, Анарка. Ақылыңызды тыңдап, өз-өзіме шанс беріп көруім керек енді. Сол шашылып жатқан жігіттерді қайта жинап алсам ба екен! ))))))))))))
Құдалықтың арты той болады ма десем))) Енді көңілің қаламаса, жүрегің жылымаса, әрине, құтылудың амалын қарастырасың. Мына оқиға желісімен кино түсіруге болады ғой)))
)))
Хехе, кәдімгідей оқиға шиеленіскен екен ғой! Әлгі жігітке деген ешқандай сезімің болмады ма?
Мейіргүл-ау сразу қайдағы сезім! Сол сезім болмау үшін бөлтірік кезінде көзін құрттым емес пе?! ))) Сол бәріне баяғы жіберілмеген хаттағы бір жан ғой кінәлі. Сондықтан жан баласына мойын бұрмай келдім. ))
:) Осындай оқиғаларды қазір естісем күлкім келеді. Бірақ бір кездері өзім де ағыл-тегіл жылаған едім.
Иә, иә...
"Жүрекке әмір жүрмейді " деген бар емес па? Ол кісілер де қызық екен.
Сондай қызық жандар екен ғой! ))
енді 80-ші жылғы болса, жасы отыздан асты, енеге тезірек қол ұзарту керек дегендей...))
Шыны керек анкетадан жасыңды енді қарадым, ылғи үлкен тәте екен деп жүргем Өзіңді, қыздар "сен" деп атап жүргенге қарайыншы жасын десем, менен 1-ақ жас үлкен тате екенсің ғой))) мына әңгімеңмен қай-қайдағыны еске түсірдің, мен де жек көремін, ініме, балама әперем, таныстырайын дегендерге..
Ех, Нұрзияш! Әр нәрсеге сене берме деп қашанғы айта берем саған! Аватардағы сурет оттай береді! ))) Фактымен жумыс жасап үйрен, жұмыс жасап! )))))))))))))))))))))
)))))) не дид тағы, жалтақтап қалдым ғой))
Хихихи! ))
Қызық әңгіме екен! Бірақ біраз білісіп, сосын ұнамай жатса айтқан дұрыс па еді деп ойлаймын. Бірақ бір қызығы, ол жігіт сені көрмей жатып, қалай құда түсіп келеді? Әпкесінің айтуымен ғана біледі емес пе? Өзі көріп, ұнатып, үйлену туралы содан соң ойланбай ма екен?:))
Білмеймін ғой, әпкесі өміріне кепілдік берген шығар! ))))) Ал негізі ол уақыттарда өзім жаңа романтиканы қалағаным жоқ. Өзіме де өзгеге де мүмкіндік бермедім ғой.
"таныстырам, айттырам"деген әңгімелер барлық қыздардың басында болатын сияқты. Маған сондай әңгімелер айтып жатса, артын әзілге айналдырып жіберем немесе ол адаммен мүлде сөйлеспей қоямын.
Иә, "Қызға кім сөз айтпайды, қымызды кім ішпейді" деген емес пе. Мен де сен сияқты болатынмын. Бірақ, осы жолы іс насырға шауып кетті ғой! ))
Осындай аттастыру дегенді ұнатпаймын
хехе=))) улкендердин сондайлары жаман((
Өмір деген осы! Жас қыздар таныстырған жігіттен ат-тонын ала қашады. Ал, мен болсам, 40-тан асқан 2 құрбыма таныстыратын ешкім таба алмай жүрмін)))
Сәруар ханым, сіздің пікіріңізге не күлерімді не жыларымды білмей тұрғаным.
м-да...........қызық болған екен
))
Негізі жігітке жоғары да айтқандай шанс беру керек еді. Сүйгенді сүй, сүймегенге жолама демекші сезімніңде өз қадірі бар................
Бақытжан-ау, "Сүйгенді сүй, сүймегенге жолама" дейтіндей ол мені сүйіп қалды дейсіз бе бір көргеннен! Хихихи! ))
Үндінің фильмі мен түріктің сериалын көрсем, жүйкемнің сыр беріп қоятыны бар... Мына оқиғаңды Астанадағы біреуге айтайын ба? )))
Шантаж ба бұл? ))
Шантажға ұқсаған әлдене )))
Шантажын іске аспай қалады-ау!
Бұл оқиғаң түрік сериалдарынан кем емес екен)) Менің әпкемді мектепте мұғалім болып істеп жүргенде, алдап-сулап алып қашқан болатын, осыдан 10 жыл бұрын. Әлгі жігітті танымайды да. Содан әжем мен үлкен әпкем (Мерейканың мамасы) алып келген. Негізі қарсымын, осындайларға((((
Мерейканың мамасы ерлепті ғой онда! )))
кейбір азаматтар мен азаматшаларды осылай қоспасаң, өздері қосылмайды. тіпті отырып та қалуы мүмкін. а так, күшті, қазақ сериалын түсіре беруіңе болады )))
)))
расында киноға тұрарлық дүние екен:)) Сүйіп қосылғанға не жетсін!
Осы мені тек ТЕРІСКЕЙ ғана түсінеді! ))