Қалтфонның өмірге келгеніне қырық жыл

Қалтфонның өмірге келгеніне қырық жыл
жеке
блог

1973 жылы 3 сәуір күні Motorola компаниясының техникалық маманы Мартин Коопер бастаған топ тарихтағы тұңғыш DynaTAC деп аталатын қалтафонды Нью-Йоркта жұртшылық назарына ұсынды. DynaTAC – биіктігі 22,86 см, ішкі бөлімдеріне 30 тал электроөткізгіш сымдары қойылған, сөйлесу ұзақтығы 35 минутқа жететін және 10 сағаттан артық зарядталатын еді.

Қалтаңыздағы ұялы телефонның жасы қырыққа келді. Бүгінгі күнде оның атқарар қызметтерді кеңсе мен үйде тұрған компьютерден асып түспесе кем соқпайды. Адамдар бүгінгі күнде ұялы телефонды тек сөйлесу үшін емес, хат-хабар алмасудың, ғаламторға оңай қосылудың, әлеуметтік желілермен тікелей байланысқа шығудың, карта қараудың, ойын ойнаудың өзгеше құралы ретінде қолданылып келеді.

Техникалық маман Мике Шорттың пікірінше телефон тарихындағы ең үлкен өзгеріс оның кең көлемді қолданылуы мен ғаламторға жалғануы екен, болашақта қалтафон тіпті де көп санды мәліметтер қызметтер өтейді және бейнекамералық байланыс жеңісті түрде жалпыласса оның қоланылу ауқымы тіпті де жеңіл, тез, оңтайлы болып өзгермек.