Сырымның сынық тұстары...2
жеке
блог

Сырымның сынық тұстары...2

Ол қараңғы батқанша жұмыс үстелінде қалды. Сол баяғы армандап отыр...Кішкентай ғана жүрегі кеудесіне сияр емес. Алдағы күндерін ойлайды. Оқудан өзі барып документін алып кеткен бұл тентек қыз енді міне осы отырған жұмыс орнында істеп жүр.Жасы 18 толмаған бұл жұмысты қайдан тапты дейсіздер ғой? Өзінің нағашы ағасының компаниясы болатын. Міне осылайша оп-оңай оқудан өз еркімен шықты да осы компанияға келіп алды. Жұмыс орнындада бітіріп жатқан түгі жоқ, әйтеуір кешікпей келіп кеш кетуді білетін бұл жұмысының 80 пайызын ғаламтордың қызығымен одан қалса арман қуып өткізеді. Өйстіп жүріп айлықта алады.Бұл қиялшыл қыздың ендігі арманы дизайнер болу. Жоспарлапта қойған. Иә жаратқан соған жеткізсін дейік.

Оның әдемі көздері бірде мұң шағады, ешкімнен көмек алғысы келмейтін оның мінезінде такаппарлықта жоқ емес еді. Көздерін күлдіріп қойып, көңілін жылататын бойжеткен текке жүрмеген болар...Терезеге көзі түсті, қараңғыда батып қалыпты.Сөмкелерін жинастыра бастаған бойжеткен алдағы тәтті арман бағын аралап үйіне қайтпақ...