Сырымның сынық тұстары...

Сырымның сынық тұстары...
жеке
блог

Адам баласы армандаған сәтте кеудесін бір алып күш кернеп кететіні бар! Иә, сол армандар адамды саналы етуге, биік белестерге жетуге апаратын баспалдақ!

Жұмыс бөлмесі, терезеден түскен жарық, бөлме ішін күнделікті өтіп жатқан күндерінен еш айырмашылығы жоқтай етіп көрсетеді. Компьютер алдында отырған қыз ғаламтордан неше мыңдаған танымал жұлдыздардың өмірлерін ақтарады. Оның мақсаты кино саласында керемет образ жасап шығу. Иә, басқалар сияқты ол да кино жұлдызы болғысы келеді." Мен де қазір арман - қиялдарымның биік - биік жетегінде ұшып жүрген жанмын! Білмеймін менің "арман" атты баспалдағым мені осы жалғанда қанша биікке көтеретіні. Мені өмірдің беймәлім тұстары, жауабы табылмаған сұрақтары, белгісіз дүниелері қатты қызықтырады. Көп нәрсе көргім келеді, көп нәрсені жадыма түйгім келеді. Осы өмірде орны бар тұлға болып қалыптасу, міне, осы менің көздеген мақсатым! ", - міне осындай ойдың құшағында отырған ол қыз тек биіктерді армандай берді, армандай берді! Оған сол биікке жету оңай емес екені айқын еді. Сонда да сол биік арманынан құлап кеткісі келмейді, ол армандай бермек және ұясынан ұша алмаған балапан құстай тырмысады сол арманға жетуге!