жеке
блог

Тәулік бойы еріну

Адам өмірінің күнделікті тірлігі ерінумен басталады. Таңертең тұруға еріну, ұйқыңды қимау, бес минут сайын ұялы телефонның будильнигін өшіріп, жата тұру...

Әйтеуір тұрасың, жуыну керек болған соң жуынасың, бірақ шай қойып, шай ішуге ерінесің. Шайдың жарасы жеңіл ғой, бірақ тамақ болса жылытуға ерінесің, жұмыртқа болса қуырып жеуге ерінесің, каша болса суға салып, пісіруге ерінесің.

Автобус аялдамасына дейін жүруге ерінесің, жолда тоқтай салса деген үмітпен тоқтатып көресің, кейде ерінуге + ұйықтап қалғаныңды қосып таксимен бара салуды жөн көресің.

Жұмысқа келген соң шай ішесің, бірақ дүкенге барып, тіске басар алуға ерінесің. Жұмыста қалған печенье/прәндікті жей тұрасың.

Түскі аста далаға шығып, жақсы бір асханаға барып, тамақтануға ерінесің. Сол себепті тамағы аса дәмді емес, бірақ жақын асхананы таңдайсың.

Түс қайта мойын, қолдарың құрысып, жаттығуға сұранып тұрады. Сонда да орныңнан тұрып, жаттығу жасауға ерінесің. Жалпы жаттығу залына бару ойда бар, бірақ оған баруға еріну жол бермей жүр.

Кешкісін тағы бір сағат автобуста тұруды ойлап, күйініп кетесің. Бос жиналыстарға баруды айтпаса да болады.

Тамақ жасауға ерінесің, кешегі бар тамақты, не дүкеннен жеңіл тамақтар сатып ала саласың.

Шашың майланып кеткенін байқайсың, бірақ бір күнге шыдайтын сияқты болып көрінеді, жуынуға ерінесің. Кейде таңертең тұрып, амалсыз жуасың. Жалпы жуыну проблема.

Кітап оқып тастауға болар еді, немесе одан да бір пайдалы істермен айналысуға болар еді, бірақ ноутбугыңды құшақтап, не фильм қарайсың, не интернет аралайсың... Сөйтіп, біреу төсегіңді салып бере ме деп күтіп жатып, салмаса төсек салуға ерініп, ұйқыға кетесің.

Ерінумен күресейік, достар! Қандай амалдар ұсынасыз?

(с) сурет

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Екі жүрек бірге қағуда
Екі жүрек бірге қағуда
Өлі сазды батпақ
Өлі сазды батпақ