Ал қазір сәске түс (ҚР президент күніне)

Ал қазір сәске  түс (ҚР президент күніне)
жеке
блог

Кеше біз неше күз өткердік

Өктемдік жасадық жек көрдік

Атанның табан құм өртеп.

Беліде  аңсаған салқындық

Атаңның өмірі тым ертек.

Құпия ғұмыры алтын кілт

Бұйдалы уақыт жетелеп,

Түбірлі тұғырға талпындық,

Дүбірлі тұяқтар дүркіреп. 

Бір түнеп

Көңілде бұлт қайғы,

Жаңбыр мұң  жауғанды сіркіреп.

 

Күйлердің күмбірі күн мұңы

Қобыз үн қоғамның мұңлығы

Сарнаған сазды әуен сыбызғы ,

Тым ізгі жетіген дауысы.

Сапырған бесті асау қымызды,

Күн бата жабылар түндігі

Қойшының төрінен тараған

Тірліктің тіркелген кіндігі.

Ертегі демесін өткенді

Бүгіннің білімпаз білгірі !?

 

Түн келген кешегі кеш батып,

Зағип түн аспанда айы бар.

Таппадық  сол бір сәт еш бақыт,

Еш уақыт еместей айығар.

Болғанмен нұрлы бір таң атты.

Төзіммен тауыспай тағатты,

Кесепат кескестеп тұр алда.

Кешқұрым естілмей бейбақ үн,

Бермесін енді тек бір Алла !

Пәлекет айдаған бейуағын ,

Ал қазір сәске түс

Келер кеш беймәлім ...?!