Атымды "Маржан" дей салдым...)))

Атымды "Маржан" дей салдым...)))
жеке
блог

Мәә, рахат... Тып-тыныш...Қасымдағы қыздар өліп ұйықтап жатыр..))) Осындайда отырып, бірдеңе жазып, оқыған күшті ғой,шіркін. Дәл қазір сіздерге бүгінгі  күнім туралы баяндамақшымын...Негізі, қызықтарға толы болды десем де болады. Сонымен, кеттік...)))

   Көптен бері жоспарлап жүрген нәрселерімді орындау үшін, құрбым екеуміз ертерек кездесіп, біраз жерлерді аралап, маған керек нәрселерді сатып алдық. Көңілімнен шықты. Ішін біраз араладық та, автобусқа отрдық. 2.15 те сабақ. Сабақтан кеш қаламыз деген қорқынышпен келе жатқан біз, аялдамадан түсіп, "Уф, үлгердік қой" деп мәз болып, университетке қарай жүріп келеміз. Ал енді, расписаниені қарап тұрмыз. Сөйтсек, сабақ 3.15 те бастайды екен.))) "Ооооойййй сонша асығып жүрсек біз, кеттік асханаға!", - дейді құрбым. Асханаға барып тәәәәтті кофе ішіп алдық.)))  Осы семестрде біраз өзгерістер енгізген екен. Үзіліс те, сабақтың бастайтын уақыты да өзгерген... Екеуміз келе жатырмыз.)) Группаластарымыз да кіріп жатыр. Іштей қорқып келеміз қандай мұғалім келді екен деп. Cөйтсек, өзіміздің эдвайзер-ағайымыз))) Мәә, біз қатты қуанып қалдық. Ол ағай күшті! Біздің группаластарымыз да жынды ғой жүрген, ағайға "біз мафия ойнайықшы" деп қояды. Сабақ күшті өтті...   Енді, содааааан қызыыық, сабақ біткен соң, құрбым "жатақханаң жақын ғой, мені шығарып салшы" дейді "аялдамаға дейін". Бүгінгі күннің қызық өткенін айтып, екеуміз де мәзбіз. Қасымызға екі жігіт келіп сұрап жатыр: "Қыздар, "Мега" қай көшеде, оған қалай барамыз? " . Құрбым жауап берді сұрағына. Мына жігіттер қоятын емес, сұрақтар қоя бастады. "Қыздар, қайда барасыңдар", "танысайықшы" дид. "Ой мыналарың точно жынды ғой" деп қоям ішімнен..))) Осындай көшедегі, автобустағы танысу, қылтың-сылтыңды онша ұната бермеймін.) Оларға қарамадым да. Құрбыма ыңғай білдіремін, "былайырақ тұрайық та" деп. ))) Мәәә, оның ондай ойы жоқ.) "Атым Гүлнұр болады" демесі бар ма, өзінің атын айтып.))). Ал, мен кетіп қалғым келіп тұрмын. "Тсс, тормоз болмасай" деп қояды құрбым құлағыма сыбырлап. "Жақсы!" дедім ішімнен. 90 градусқа бұрылып, мен де сыпайы "Атым Маржан" дей салдым.))) Құрбым мырс етті. Аааал енді, менің қасымдағы жігіт айтады маған: - Сіз менің әпкеме қатты ұқсайды екенсіз, қайдан боласыз? (Мен болсам, тоңып қалдым, автобус келер емес, кеткім келіп, оның үстіне мына жігіттердің әңгімесін де ұната алмай тұрм,дегенмен сыр білдірмедім) Мен:- Қойшы, қатты ұқсаймын ба? Суреті бар ма? дедім. Жігіт кітабының ішінен шақыру билетін шғарып маған ұстатты. Әпкесінің суретін нұсқайды. Мен өзіме еш ұқсата алмадым. Бірақ Гүлнұр "ұқсайтын сияқты ғой" деп қояды.))) Қызығы, сол әпкесінің аты менің шын атыммен бірдей екен. Екеуміз кезек-кезек суретке қарап, күле береміз. Сөйтіііііііп тұұрғанымызда, тағы бір группаласымды, Айнұрды байқап қалдым. Уупс, Ол бізге қарай келе жатыр.))) Дәл қасымызға келіп: "Қыздар, стипендия түспепті ғой әлі,қазір ғана тексердім" дид. Ол енді тура маған қарап, менің атымды қайта-қайта айтып, сөйлеп жатыр. Бәәәәәәріміз тарқылдап күліп жатырмыз)))). Әрине, олар білді ғой енді, менің өтірік айтқанымды. )))) Группаласым тұр түсінбей.) Біздер болсақ ішек-сілеміз қатып ,күліп жатырмыз. Сол кезде жігіттердің автобусы келіп, олар мінп кетіп жатыр.(Мәә, қуанғанымды-ай, автобус келгеніне, ато біраз қызарыңқырап тұрар едім..))0) Автобус жүргелі тұр. Әлгі жігіт маған: "Маржан болсаңыз да, болмасаңыз да номеріңізді берші" дейді күліп.  "Автобустан қалып қоясыз, сау болыңыз" дедім жымиып)))   Осының үстінде біраз күліп алдық.  Ай, қызық-ай дейм.Кейде осындай кездейсоқтықтар(приколдар) да күтпеген жерден бола береді екен... ))))