Тылсым
жеке
блог

Тылсым

 Көбеңдеп көлеңке

күн көзін кеміріп,

Жұлдызға жармаспақ тек үміт.

Шың - құзға ілініп күн көзі,

Түн өзі келеді тебініп.

 

Тірлігім – 

 көк  түтін  өртенген лашық

Кіндігін жыртық ой жүр ашып,

Үрей Мен екеуміз сырласып,

Отырмыз опығып сыра ішіп.

 

Айқайлай

Ай туды түндігі түріліп

Сайқал ой санама сыр іліп,

Өлген көп бейіштен хабар жоқ.

Келген жоқ қайта ешкім тіріліп.

 

Бітеді дем үзіп жер түні.

Күтеді біздерді көр түбі.

Көр түні тылсым ол әліде,

Тірліктен кейінгі  тірінің төркіні.

 

Біреулер айтады ,ей, уағыз,

Сайтани тірлігім құр аңыз.

Түсінік түйеді түйсігім ,

Бір өлім

 я не қайтадан туамыз.

 

Панасыз ой бағам

мазарым қыраулап,

 Санасыз параққа жауды ой қылаулап.

Араққа мен құмар

 бірақта сенім бар.

Құран хақ  илләһи бір Аллаһ

Құран хақ  ...