Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Тайский медицина түбімізге жетті...

Тайский медицина түбімізге жетті...

Тайский медицина түбімізге жетті...

      Алматыға келгеніме алты айдын жүзі болды. Уақыт деген қарақшыға тоналып, өмір сыншының сынына сыналып көп теперіш көрдім. Алты ай ішінде көп дүниеге көзім жетті. Көзімнің жеткені былай тұрсын, қайран қарашығым шарасына сыймастай күйге жетті. Бәріне себепкер менің жұмыс іздеуім. Шымкенттік досым Ұланды ертіп жарнама дегеннің жетегіне еріп Алып Алматыны аралауды бастадық. «Ваканция» газетін бақытымызға балап, хабарландырудағы мекен-жайға бардық. 

     Есік аузынан бізді екі бірдей қызметкер қарсы алды. Бірі орыс, екіншісі қазақ. Бағым ба, сорымба кім білсін мен қазақтың еншісіне бұйырдым. Орысша екі ауыз сөздің басын құрай білмейтін Ұланның түрі өзгеріп сала бергені. Орындыққа енді отыра бергенімде «Шоқа орын ауыстырайық»- дегені. Орыстың қойған сауалдарына діңкесі құрып әрең жауап қатуда. Қайдан боласыз деген сауалға «Я Улан из Чимкента. Я ИЗО. Чертеж» -деп терлеп жауап қатты.

    Менің еншіме бұйырған қазақ шынында Алматыда көрген алғашқы қазағым болды. Тілі майда, сөзі жеңіл. Қандайда бір «ч» сөздері жоқ. Маған өзіңіз туралы айтыңыз дегенге қайран басым бүкіл жеткен жетістігімді жіпке тізіп, ежектеп айта бердім. Бір кезде «сіз Тайский медицина» жайлы есіттіңізбе дегені. Түсінбей қалдым. Тайский медицинаның педагогтық жұмысқа не қатысы бар? Қазақ енді мені тоқтатып қойып өзі сайрап қоя бергені. Санама енді жетті. Жалған хабарландыру беріп, адам жинап жатыр екен.

    Мені қойшы Ұланға қарап күлкім келгені, ол болса ызадан булығып, атарға оғы болмай отқаны. Жанарымыз жер шұқып, енсеміз езіліп, жүрегіміз езіліп ессіз халде ғимараттан шықтық. Ертең тағыда жұмыс қарастыруға шығамыз... Бәлкім...

1451 7
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 03 ақпан 2012, 21:35
Пікірлер
+0
03 ақпан 2012, 22:29

Бәлкім жолыңыз болар ертең! Қамықпаңыз.

+0
03 ақпан 2012, 23:08

Жұмыс іздеудің әуресі жаман. Еліміздің бірден-бір дерті ғой бұл. Көшеде ілініп тұрған хабарландыруға бара бермеңіз. Бір рет екінші курста ғой деймін, мен де құрбыларыммен бірге жұмыс іздеп жүріп, қабырғадағы хабарландыру арқылы бір компанияға бардым. Содан олардың да жалған хабарландыру беріп отырғанына көзім жетіп, босқа қамығып қайтқам. Бұл да бір сынақ деп түсініңіз. Жүрегіңіз таза болса, алда жақсы жұмыс табатыныңызға сенемін!

+0
03 ақпан 2012, 23:35

таныс каналдарды іске қос, қию-cызумен байланысты жұмыстар көп қой

+0
03 ақпан 2012, 23:38

сосын хабарландыруларға мүлдем назар аудармау керек. ал сенімді адамдар қандай жұмыс ұсынса да айлығы жақсы болса келісе беру керек.

+0
03 ақпан 2012, 23:45

Алда жолыңыз болсын!

+0
04 ақпан 2012, 00:41

Сетевой маркетингке мүлде жоламау керек.

+0
05 ақпан 2012, 19:22

Жұмыссыздыққа қарсы күрес компаниясы болса бару қажет еді. Жұмыссыздық жүйке жұқартты!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев