Жәнібектің жаңбыры
жеке
блог

Жәнібектің жаңбыры

Ерте-ерте ертектенде сыр ұқтым.

Сырын шерттім кешегі көк түріктің.

Ақтабанда нардың жүгін бөлісіп,

Керей кеше Алтай асып үріктің.

 

Үрейі жоқ  үркуіңнің ұлы ағыс.

Ұғымы кең мәні терең сыры алыс.

Алтайдағы арқа тастың астында,

Жатқан баба басына деген сұраныс.

 

Күнмен жүріп түнмен жалғап даланы.

Сан мың сұрақ сапырғанда сананы.

Құшақ жайды мұз бөрікті мұз тауда,

Маңдайыңнан сүйіп Шыңғыс самалы.

 

Жоқ  сыймайды, демеді олар көп басың.

Барға тәуба айтпады әйтеу жоққа сын.

Көк аспанын көрпе етіп жамылып,

Жастық еттік Тоныкөктің көк тасын.

 

Ескі сарын тұңған халық бойында.

Жатыр тарих асқар  Алтай қойынында.

Бабалардың байрағын тік көтеріп,

Кеуде керіп кергіш тасты қой мұнда.

 

Месе тұтпай мекен болмай айдын көк.

Қанатыңды құзар шыңға жайдың тек.

Жәнібектің жаңбырының тамшысы,

Жатыр бүгін арда Алтайда айдын боп.