Балауса жыр (Ш.Құдайберді рухына)

Балауса жыр (Ш.Құдайберді рухына)
жеке
блог

Күңгірт ойлармен  күрсініп алып!

Жүрегімнің дүрсілі налып,

Бала көңіл мен балауса жырдың,

Отырмын арнап бүршігін жарып.

 

Отында жанып санаулы үміттің,

Жасампаз тірлік санамды құрттың,

Өлеңің сенің өлшеніп пе еді,

Құрбаны болып сараңдылықтың.

 

Ой мазарына түн қатып барам,

Жүрекиің үні тіл қатып маған,

«Үш анық» сырын түсінбеген бе?

Ар- ұжданын жүр ұрлатып балаң.

 

Қалқаманды айтып кетесің күйіп,

Күн кештім Мамыр кекесін күйік,

О дүниеде Еңілік Кебек,

Бере алдың ба екен некесін қиып.

 

Толтырдың ба екен қатарыңды анық,

Ұжымақ төрі Шәһәрімді алып,

Бейіште тағы Абаймен бірге,

Жатсың ба, жырдың шаһарын салып.

 

Аңдаусыз ажал керуен құрық,

Сынақ өмірдің төрінен бұрып,

«Желсіз түнің» жарық айында,

Жүрсіңдер ма екен серуен құрып.