Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Массагет ауылында болып жатқан оқиғалар

Массагет ауылында болып жатқан оқиғалар

Массагет ауылында болып жатқан оқиғалар

 

Жарқын Алаш неге жұлдызды блогтан жоқ болып кетті? деген мәселеден бастасам.

«Массагет» ауылына эстрада жұлдыздарының жаппай көшіп келуіне байланысты, ауылдың жоғары жағында орналасқан элиталы «жұлдызды блогтар» көшесінде орын тапшылығына байланысты ауыл әкімшілігі сол жердің байырғы тұрғыны Жарқын көкемізді соңғы уақытта пост жазбай кеткендігін сылтау етіп, қарапайым тұрғындар арасына жер аударып жіберді. 

Әкімшіліктен түсініктеме талап етеміз деп жатыр ауыл тұрғындары. Әйтпесе "Бастаңғы" алаңына барып бастама көтеріп, форумға барып шулаймыз дейді. 

***

Ауыл тұрғындарының старостасы Ботик Мұхтар елдің бәрін жинап алып, жиналыс өткізген болатын. Талқыланған мәселе: үйлерінде жата бермей ел болып, бір ауыздан қаңтардың 29-ы мен ақпанның бесі аралығында  бендиден өтетін әлем чемпионатына өз командамызға жанкүйер болып қатысу. Басшылардың әдеті емес па, бұйрықты беріп қойып, сол күні Ботиктің өзі бармай жылы үйде пештің түбінде пырылдап ұйықтап жатыпты. Жыны ұстаған тұрғындарға бар айтар жауабы: «Ы». Ал, бірдеңе ұғып көр!Онымен ұрсысып береке таппайсың бәрібір.

***

Сол күні старостаның бір ауыз сөзін жерге тастамай тауға барғандардың тізімінде Сәкен Нұрқабекұлы да бар. Таудан ерекше әсерленіп қайтқан-ау деймін. Әдетте жан баласына сырын ашпайтын бауырымыз шаттықтық буымен ба, әлде ішімдіктің буымен ба ол жағы бізге белгісіз. Бірақ, келе сала алдағы бүкіл жоспарын  ауыл тұрғындарына шашып тастады.

***

Тұрғындардың күн сайын ғана емес сағат сайын саны артып, ауылымыз үлкейіп жатыр. Күнде думан, күнде той! Қоныстарына құтты болсын айтып үлгермей жатырмыз. Тұрғындардың бәрі өз ара тату, тұрақтылық жасасын деп кейбір партиялар сияқты айтатын болсам мен өтірікші болып қалам енді. Жаңадан көшіп келген Баян сұлу деген тұрғынымыз саяси ұпай жинау мақсатында "мен казак кыздарына тан каламын" деген ток-шоу ұйымдастырған болатын. Қыздар қауымынан үлкен қарсылыққа ұшыраған Баян сұлу айғайға басып, көмек сұрады. 

 

Тұрғындар арасында үлкен жанжалдың басталып кетпеуіне алаңдаған ауыл старостасы Ботик араласты. Өз міндетін атқару үшін шулап жатқан халыққа «қойыңдар, ол қызға тиіспеңдер!» десе, екінші жағынан Баян сұлуды да оңдырмады. Мәз болып тұрған Баян сұлу аузы ашылып аңтарылып қалды. Басшылардың бәрі екі жақты роль ойнайтынын қайдан білсін ол қыз! Жалғыз шын жанашыр бауыры Либерал Лидер ғана жұбата алды. Ол қыздың өкпесі қазір қара қазандай біздің ауылға. Өкпесін жазу үшін Бали аралына демалып келуді ұйғарыпты. Баян сұлуға айтарымыз: ондай-ондай болып тұрады. «Ырылдарсың, қаппассың, бізден жақсы таппассың!» Ашуыңызды басыңыз, құдаша! Қайтып келіңіз.

Ауылымызға жаңадан көшіп келген тұрғындардың бірі Шахмұрат Айтбай бар. Осы жерден баспана алуына мұрындық болған Қарлыға Темірғали болуы мүмкін.  Зар заман ақыны Шахмұрат Айтбайдың қасында атақты Мәжнүн жолда қалып қояды. Мақсат пен Раушанның махаббат хикаясынан басталған ғашықтық дастандар тұрғындар арасында хитқа айналып кетті.

 

Пост ұзақ болып,  тұрғындардың жүйкесін жұқартпайын деп осымен тәмәмдап отырмын. (Жалғасы бар.)

 

3310 51
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 03 ақпан 2012, 19:03
Тегтер: Массагет, блоггерлер, хикаялар, жұлдызды блог, Жарқын Алаш, староста Ботик Мұхтар, Баян сұлу, Мәжнүн Шахмұрат
Пікірлер
+0
03 ақпан 2012, 19:28

Баян сұлу аруымыз қайтып келетін шығар

+0
03 ақпан 2012, 19:31

Иә, ашуы тарқаған соң келетін шығар. ))

+0
03 ақпан 2012, 23:50

Әлде Монакодан қайтқаннан кейін

+0
03 ақпан 2012, 19:30

Старостоның мінезінен дұрыс ақпар беріпсіз :))). Баян Сұлу ренжи бермеңіз. Не дегенменде ауылымыз әйбәт ұнайды өзіме. Көршілерімді жақсы көрем бәрін))

+0
03 ақпан 2012, 19:36

Иә, ауылымыз әйбат қой! ))

+0
03 ақпан 2012, 19:34

Болат Мұхтардың староста екенін білмеппін:)) Шахмұрат АЙтбай зар заман ақыны емес...:)) тиіспеңіздер... өлеңдері жүректен кіріп, бойды алады:)

+0
03 ақпан 2012, 19:42

"Зар заман ақыны" деген жаман атақ емес қой. Кезінде Мұхтар Әуезовтың өзі Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері деген тәп-тәуір ақындарды осылай атаған ғой. )) Оған тисіп жатқаным жоқ, Шәкеңді өзім де құрметтеймін. )))

+0
04 ақпан 2012, 16:47

2 қол, 2 аяқтан қолдаймын, Қыпшақ қызы жөн айтады.

+0
03 ақпан 2012, 20:32

Арма Алты Алаш! Арып-ашып Масагет.кз ауылына әрең жеттім. Қызды ауылдың қырғынын күнде көрген қайран басым, соңғы жаңалықтарды есітіп есеңгіреп қалғаны. ХХ ғасырдың "Зар заман ақыны" -деген атақты аямастан берген екенсіздер рахмет. Ескінің ескегі болу бір бақыт. Ақын жырға ғашық, ақын жүрегі қызға ғашық... Қыз қарастырсаңыздар....

+0
03 ақпан 2012, 20:51

Шәке, "қызда болса үмітің, батылдау бол жігітім!" деген екен біреу. Массагеттің қыздары керемет қой, керемет! ))

+0
03 ақпан 2012, 21:01

Кереметін білемін, қызды ауылға құмартып сыртынан қарап жүремін... Шақырар болса Ләйлі қыз, жетер ем желмен жарысып... Болмаған соң Ләйлі қыз отырмыз үнсіз қарысып...

+0
03 ақпан 2012, 21:23

"Айна Тв"-ны сағынып жүр едім, жарайсың, Қыпшақтың қызы! Әдетте, апта қорытындысы жексенбі сайын болушы еді, сен жұма күні жазыпсың. Жалғасы бар болса, тұрақты жазып тұрасың деген ойдамын. Өте ұнады! Жақсы жаңалықтарымыз көп болсын. Жалғыз староста емес, басқалардың да әрекетін жіті қадағалап жүреміз енді)))

+0
03 ақпан 2012, 22:09

Ой, менікі сол "Айна Тв-құрылтайшыларына деген намек қой! Басымызды біріктіретін, сағына күтетін жоба еді!Сол жоба осында қайта жаңғырса жақсы болар еді да! ))

+0
03 ақпан 2012, 22:45

Қыпшақ қызы, қандай байқампазсың! Әдемі өнерің бар екен ғой!

+0
03 ақпан 2012, 22:51

Шүкір Аллаға, өнердің түр-түрі пачка-пачка толып жатыр ғой! Десең! )))

+0
03 ақпан 2012, 22:58

Жарқын ағаның жұлдызды блогтан алынуы оның өзінің белсенділілігіне байланысты ғой ) Әдемі жазба жазса, жарқыратып шығарамыз жұлдызды блогқа!

+0
03 ақпан 2012, 23:03

Мяя, Мейіргүл сондай бар ма не?! Көзден кетсе көңілден кетеді деп. Ойнамайм, сендермен! ))) Ботиктің орнын сақтап қалу үшін жанталасып жиі-жиі пост жазып жүргені сосын екен ғой! Мм... )))

+0
03 ақпан 2012, 23:13

Жоғи, олай емес! Жарқын аға - Массагеттің жұлдызы ғой! Айтайын дегенім - орындары күндеріне байланысты ауысып отырады, яғни, жаңарып отырады. Мысалы, бүгін Жарқын аға жазба жазса, анау жердегі жұлдызды блогтардың ескісінің орнымен алмастырамыз )

+0
03 ақпан 2012, 23:20

Сонша ақталып кетіпсің ғой, Мейіргүл-ау! )) Қалжың ғо! ))

+0
03 ақпан 2012, 23:49

Рахмет! Сол жерге шығармай-ақ қойғаны жақсы ғой) Ығай мен сығайлардың ортасына қойып қойса ыңғайсыз. Ал мен олардың қасында кіммін??? Ештеңе тындарған жоқпын)

+0
04 ақпан 2012, 00:05

Сіз олардың қасында ЖАРҚЫН АЛАШСЫЗ! ))) Ең бастысы біз білеміз ғой! ))

+0
03 ақпан 2012, 23:29

Мен мына ауылдан жырақ кетіп ем аз ғана уақытқа... не оқиғалар орын алған десеңші.... ))))

+0
03 ақпан 2012, 23:34

Уау, Мөлдір көз, қош келдің! Көрінбей кеттің ғой! )

+0
03 ақпан 2012, 23:35

Мяя, айналып кетейін Мөлдір көз! Қайда кеттің сееееееееен?! Өзіңді көріп бір қуанып қалдым ғой! ))

+0
04 ақпан 2012, 00:03

Мен келдім, Қыпшық қызы :)))

+0
04 ақпан 2012, 00:08

Келгенің жақсы болды! Енді ешқайда кетпеш! ))

+0
04 ақпан 2012, 00:11

"Көреміз!" деп қояйын ба? :))))) кетпеймииии ешқайда :))

+0
03 ақпан 2012, 23:36

Қыпшақ қызы, жазбаң воооский! )) (бас бармақ шығарған смайл)

+0
03 ақпан 2012, 23:42

камса-хамнида Анарка! ))

+0
03 ақпан 2012, 23:47

Беу де!!! Орта жүздің қыздары осылай болса керек!!! Риза боп отырмын мына жазбаға!!! Іздейтін халқым бар екен ғой :((( жляп жатырмын....

+0
03 ақпан 2012, 23:49

Бет орамал керек пе? ))

+0
03 ақпан 2012, 23:51

Қыпшақтың қызы Найманның бір жүгірмегіне бет орамал берсе не болады екен))) Мен сыйға тартқан орамаааааал деп жүріп сұрап алмасаң болды қайтадан)))

+0
03 ақпан 2012, 23:56

Жоғи, ондай әдетім жоқ! )))

+0
03 ақпан 2012, 23:48

Айна ТВны басқа біреулер шығарса дейтін едік. Міне, тәп тәуір бастама. Өзіңнің жалғастыра бергенің дұрыс. Бірақ анау бастық дегенің қате, әрі унижение. мен пост жазуды тоқтатқанмын. "Қар жауған түн" соңғы постым болсын.

+0
03 ақпан 2012, 23:50

Ауыл әкімі деген сөзі ғой))) шамданба, шоқ түсіп кетті ме шабыңа?)))

+0
04 ақпан 2012, 09:29

Енжіп қалды :)))

+0
03 ақпан 2012, 23:55

Ботик, сіздің пікіріңізді оқып көңілім су сепкендей басылды. Кешіріңіз, енді бастық деп сөйлемеймін.Ал, пост жазбаймын дегеніңізді қалай түсінуге болады? Мен осы жазбаны жазғанда бұрынғы Айна ТВ-ны сіздер жалғастыратын шығар деген үмітпен жазғам. Жарқынды жиі жаздыртуға жалынып жүргенде, сіздің "Қар жауған түн" соңғы постым болсын дегеніңіз не?!!!! (жылап жатқан смайлик)

+0
04 ақпан 2012, 14:45

Күштііііі жазыпсың!!! Пост ұзақ болғанмен, әрбір сөйлемі қызықты. Тіпті, қалай оқып шыққанымды білмей, аз санап отырмын))) Жалғасын күтеміз!)

+0
04 ақпан 2012, 15:23

Раукош, көп күтіп қалмасаң жақсы болар еді! )))

+0
04 ақпан 2012, 15:02

Жақсы жазыпсың, Қыпшақина!

+0
04 ақпан 2012, 15:24

Рахмееет Арнаулы жан! Сенен мұндай пікір есту мен үшін абырой ғой! ))))

+0
04 ақпан 2012, 16:49

хехе, Қыпшақина боп қлыпсыз:))) үндемей жүріп-жүріп, күшті жазатыныңыз бар сіздің, супер!

+0
04 ақпан 2012, 17:15

Хе хе, Теріскей, үндемей жүріп қатырамын ғой бәрін.))) Десең. Рахмееет! (бір көзін қысып тұрған смайлик)

+0
05 ақпан 2012, 19:14

Браво! Кәдімгі ауылда өмір сүріп жатқандай сезіндім өзімді, бар-жоғы білінбейтін белсенсіз тұрғын болсам да....:-) Ауылымыз гүлдене берсін! Елдің болашағы — ауылда десем:-) :-)

+0
05 ақпан 2012, 20:20

Айнара, кім айтты сені бар-жоғы білінбейтін тұрғын деп! Охо, сен ауылдағы соңғы сән үлгісімен киінетін кәсіпкер мадемуазельсің ғой! )))

+0
06 ақпан 2012, 13:06

Айбыы, не деген теңеу мынау:);)

+0
06 ақпан 2012, 17:48

Жазира жазбаң, жаңалығың өте ұнады маған!:)

+0
06 ақпан 2012, 18:41

Рахмеееет сізге Назерке! :)

+0
12 ақпан 2012, 22:48

ауылға қайтып келе жатырмын..... келесі нервный срывқа дейін....

+0
13 ақпан 2012, 17:37

Нервный срывтан құдай сақтасын! Ауылға қайтып келгеніңіз жақсы болған. Пост жазса деп армандамасақ та, пікір жазғаныңыздың өзі неге тұрады?! Қош келдіңіз!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев