Қыз-ғұмыр

Қыз-ғұмыр
жеке
блог

 

Суланған жастық астынан шықты бүктелген қағаз 
мыжылып,
Оқып жатырмын, аяқтай алмай көңілім кетті бұзылып.
Мүмкін емес деп, мүмкін емес деп қайталай бердім 
ішімнен,
Қызғалдақ қалай қимақшы өзін өмірге жүрген 
қызығып.
Кішкентай жүрек сидырған қалай тағдырдың тастай 
«кеңдігін»,
Маңызы басқа, жан ауыртатын жайларды ұқтым 
мен бүгін.
Ащы да болса шындықтың бетін ашқаным үшін 
адалмын,
Жырменен жазып жеткізе алмасам, жеткізер екен 
енді кім.
Себебін іздеп суық сырлардың өз сезімімнен үріктім,
Осыған дейін жанын ұға алмай жарасын тырнап 
жүріппін.
Тағдыры үшін тамшылап ақты көзімнен жасым 
сорғалап,
Салмағын сездім нәзік мойынға салынған ауыр 
құрықтың.
Сүйген еді ғой, сүйгені үшін болу керек пе жазалы,
Күдігі көптеу келешек шіркін ала береді мазаны.
Үкілі үміт соңынан өлмек, жұбаныш етем, дегенмен,
Жаныма батты қыз-қызғалдақтың арқалар ауыр азабы.
Бүктелген қағаз, тас түйін тағдыр тым ауыр ойға 
салғаны,
Ғашық жүректің алдында тұрған болады асыл арманы.
Асқақ Ары мен ертеңін қалқам еселеп көрмей бағалы,
Өзегімді өртер өкініш те сол: аялай алмай қалғаны...
(14.11.2002)