Эстафета. Естен кетпес алдану
жеке
блог

Эстафета. Естен кетпес алдану

Алдымызда 1 сәуір - күлкі күні келе жатыр. Соған байланысты қызықты эстафета бастап отырмыз. Эстафета кезегі берілген адам өмірінде қатты алданған кезі жайлы жазса: мейлі ол 1 сәуірде болсын, басқа кезде болсын. Әйтеуір есіне түскен, не есінен кетпейтін алданған кезі жайлы жазғаны құпталады.

Ал, мен бастап берейін. Осыдан бірнеше жыл бұрын таңертең жұмысқа жиналып жатқанмын. Бір кезде үй телефоны шырылдайды. Алсам, ағам хабарласып жатыр: "Мен есік алдына келсем, иттерің бос жүр ғой, байлап қойшы. Мен көршінің үйінен хабарласып тұрмын" дейді. Ал мен ол иттен өзім де қорқамын. Сондықтан, ұйықтап жатқан інімді оята бастадым. Ол деген бір оятқанда тұра қоймайтын еркетотай еді. Ал ағам болса қайта-қайта хабарласады. Сөйтіп, әрең дегенде інімді оятып, ол сыртқа шығып қараса, ит байланып тұр. Ол жынданып келіп, бұрқылдап, қайта жатып қалды. Бір кезде ағам қайта хабарласады "Байладыңдар ма?" деп. Мен оған байланып тұр ғой деп түсіндіріп жатсам, "1 сәуіріңмен!" деп қарық болып жатыр ғой :) Сөйтіп, алданғаным бар. Менен бұрын ұйқысын әрең қиып, барған, ініме обал болды. ))))

Ал эстафета жалғасын Болатбекке ұсынамын! ))