Төрт қыздың кенжесі - Қазына!

Төрт қыздың кенжесі - Қазына!
жеке
блог

"Сырлы сұхбат алаңының" оқырмандары назарын Қазына Әбдіғапбардың жауаптарын ұсынамыз!

Қашан ерте жатасың? Ерте тұрасың? (Жұмысқа кешіге беретініңізге байланысты Ғазизаның сұрағы)

Өөөй, Ғазиза осылай адамды «палить етіп» жібереді ))) Әзіл ғой, ия мойындаймын тым кеш жатамын. Күнде 3-4те  жатамын, ал таңертең «көңіл-күйіме» орай тұрамын деп қоясың ба?! Ертеңгілік 8,30-9да оянамын. Енді одан да ерте оянуға тура келеді, кішкене алыс жаққа көшіп кеттім.  Ғазизаға айтарым, «енді ерте келуге тырысамын». Келесі сұрақ Ғазизаға түскенде мен де қайтарам оған «палить еткенді»)))

Сіз үнемі көтеріңкі көңіл күйде жүретін секілдісіз, ал ашуланған сәтте қандайсыз?

Құдай көңіл-күйден қыспаған. Тфай-тфай. Үнемі күліп жүретінімді Массагет арқылы біліп те алғансыздар. Расында солай. Ал ашулануға келсек, оны массагеттің админдерінен сұраңыздар десең да))))))) МЕН-АШУЛАНБАЙМЫН!!! Айтқандай, ашуландыруға тырыспаңдар да, әйтпесе , әәәәй, жаман болады!!!))))

Анаңызға берген ерекше сыйлығыңыз?

Анам өзіне өзі «әдемііі» сыйлық жасаған ғой. Мен ғой оның сыйлығы. Ал шындығына келсек, ауыз толтырып айтарлық  ерекше сыйлық жасамаппын, енді ойланып отырмын. Жақсы сұрақ, енді жасайтын болам. Бірақ анам менің әрбір жетістігімді өзіне жасалған «ерекше сый» деп қабылдайды.

 Журналисткаға қалай келдіңіз?

Бұл салаға жақында ғана келген адаммын. ҚазҰПУ-дың «Екі шет тілі және Халықаралық қатынастар» факультетінің  ағылшын және неміс тілдері мамандығын тәмәмдап,2012 жылы  көкпеңбек дипломын алғам. Қызыл емес))) Жазып-сызуға ынтам бұрыннан болған,әкем-ақын, әпкем-журналист. Кішкентай күнімнен өнер адамы болғым келді. Әнші-актриса я болмаса журналист. Өсе келе алғашқыларды хобби деп қарап, әпкем жүрген салаға ерекше қызығушылықпен қарайтын болдым. Байқасам ол да өнер. Университет қабырғасында ән айтып бастап,ұйымдастырушы  (организатор) болып кеттім. Осы сұраққа жауапты ұзақ жазуға болады. Бірақ қысқартсам, әпкем Махаббаттың еңбегі зор. Әр демалысымды бос өткізбей, «жұмысқа кел практикадан өт, үйрен» дейтін. Бірақ әпке болып жылы қарамай, керісінше мені қамшылап отырды,қатал қарады. Меніңше,сол қаталдық өз нәтижесін берді. Үлкенге қарап бой түзейміз ғой. Дәл солай болды. Махаббаттың ізін жалғап қатар келе жатырмын. Мақсатым - ұятқа қалдырмай, үйреткенінен нәтиже шығарып, осы уақытқа дейін Махаббаттың сіңлісі атансам, енді Қазынаның әпкесі Махаббат қой деген атқа жеткізу. Ол асып өту деген сөз емес, қандай да бір биіктен көрініп сол арқылы әпкемнің еңбегін елеп марқайтып қою.

Өмірде кімді пір тұтасыз?

Осы сұрақ келерін біліп ем.... Адамды пір тұтуға болмайтын сияқты. Бірақ мен үшін ерекше екі жан бар. Бірі - маған шабыт сыйласа, екіншісі - сол шабытты итермелеп нәтиже күтетін жан. Олар - әкем мен әпкем. Бірақ мен тұп-тура бір жыл алдын отандық бір журналға «Кумирімнің құпиясы» деген айдарға шыққан болатынмын. Шындықтың бетін ашсам, ол кезде нағыз кумиріммен емес, журналистика саласының жілігін шағып, майын ішкен Айгүл Мүкеймен кездесіп, көкейдегі бір-екі сұрақтарды қойған болатынмын. Өкінбеймін. Бірақ іште “әй,сол өзім ұнататын Баян болмай қалғаны» дегенім бар. Онысын аңқау қыз жасырмай Айгүлге де айтып салған , ұят-ай))) Пір тұтпасам да мың еркекке татитын қайсар мінезі мен жұмысына тыңғылықтылығы, асқан сұлулығы мені тәнті ететін Баян Есентаеваның өзі, оның жасаған жұмыстарын , бастысы ұстанымын  сыйлаймын.

Болашақтағы арманыңыз қандай?

Бес қабатты үй, хаммер, коттедж деп кете берсең болады ғой былай)))) ) Қалжың. Эээхх, арман көп қой. Бірін орындасаң,екіншісі туындайды. Тоймаймыз біз.  Бастысы -  Армандар орындалады. Мен осы сөзге сенем. Ақырындап барлық арманға қол жеткізетініме де сенемін. Ал шындығында , дәл қазір менің айтарым: Қыз мұраты - кету. Жақсы да ибалы келін, аяулы да сүйікті жар, ең бастысы мейірімді ана болу маңызды.Өмірде өз теңімді шатаспай таңдап «супер келін» болсам, ары қарай бәрі орындалады.

Суреттерге қарасам, киім үлгіңіз тамаша! Әлдекімнен кеңес аласыз ба? Әлде бұл өз талғамыңыз ба?

Рахмет, бір марқайып қалдым ғой.  Бұрыннан түстерді араластырып киінгенді ұнатамын. Кейде әпкем «бағдаршам болып кеттің» деп тоқтатып қалады. Біреуден кеңес аламын дей алмаймын.Сән үлгілерін аңдып отырмасам да, журнал-газеттерді көп оқимын. Бұрындары қазақ басылымдарын көп оқысам, қазір тек орыс басылымдарына ден қоямын.  Олардың да көмегі жоқ емес, жақсы дүниелер бар. Одан қала берді , ғаламторды бір ақтарып алам, өзіме ұнаған киімдерді қарап шығатыным бар. Бастысы-ыңғайлы әрі жарасымды болса болғаны. Спорттық киім мен классиканы, классика мен ұлттық нақышты араластырғанды  жаным сүйеді. Сосын аксессуар дегенге ерекше ынтықпын. Көбіне киімдерімді солар толықтырып, сәнін келтіріп тұратын сияқты. Ешқашан сырғасыз жүрмеймін. Міндетті түрде мойны ашық киімдер киемін. Тырысып, жабысып  тұрған киімдерді ұната бермеймін. «Шикарная фигура» жоқ онсыз да ахахах. Жеке стиль деген ұғымды назарда ұстаймын. Осы арқылы өзімді қалыптастырғым келеді.

Ситуациялық сұрақ: бағдарлама жүргізіп тұрған кезде есіңізге өте күлкілі сәт түсіп кетті. Күлкі қысып барады, ал бағдарлама болса тікелей эфирде болып жатыр, Сіздің әрекетіңіз?

Ғазиза осы сұрақты оқып, «оған бәрібір ,күле салады» деп еді. Рас күле саламын. Жалған дүниені  ұнатпаймын. Әпкем де «барлық нәрсе шынайы болсын,тіпті  эмоцияң да, халықты алдай алмайсың» деп үйреткен. Өзім де күлкінің адамымын. Күле салғанда ештеңе болмайды,  әрі ондай жағдай бірнеше рет болған. Ал тікелей эфирге әлі шығып көрмедім, болған жағдайда да қобалжып күлуге шама болмай қалатын сияқты. Бірақ күлкі келсе қысып қалмасым анық.

Өкініш деген не? Жиі өкінесіз бе?

Өкініш деген не?! Өкініш деген таңертең жұмысқа келуге ерініп, жатып қалғаныңда  түсте Ғазиза қоңырау шалып «жұмысқа келгендерге сыйлық жасады» десе міне өкініш хаха. Әзіл ғой. Жиі әрі қатты өкініп көрмеппін. «Өткен іс өтті кетті, кімнің басында болмайды ,жақсылыққа» деп айтамын не жағдай болса да. Бармақ тістеп, көз жасауратқан кез болмады. Бір ғана өкінгенім есіме түсіп тұр,оның өзі күлкілі... өзіме көптен ұнайтын  жігіт 4-ші жылы сезімін білдіргенде не айтарымды білмей «и че?!» дегем. Бір жағынан оны да ұялтып қойдым. Сосын сол «и чем» үшін ол да  ашып ештеңе айтпаған сыңайлы.

Сіздің жасыңыздағы қыз бала үшін бірінші орында не болуы керек (карьера, жеке өмір деген сияқты)?

Бұған жауап жоғарғы жақта кеткен секілді. Десек те дәл қазіргі заманда әуелі жұмысқа орналасып алған да жөн. Себебі, тұрмысқа шығып үйде отырып қалсаңыз, кейін шығу қиын болады. Жеке өмірді де ұмытпаған дұрыс. Онсыз да отырып қалған қыздар саны елімізде көп емес пе?! Солардың қатарын толтыруға асықпайық. Қысқасы, қолдан келсе қонышынан басып екеуін де қатар бітіріп алған жақсы ғоооой.

Массагет несімен баурап алды?

Массагетке тіркелгеніме біраз боолды. Қазақша сайт болғаны ұнады. Сосын анда-санда өз жазбаңды еркін жазу мүмкіндігіне иесің. Сонысымен баурады. Ал қазір сіздерден нендей коммент келеді, не сұрақ қояды екен деген ойлар мен басқа да жандардың әдемі жазба-посттары осы сайтта ұзақ отырып қалуыма себепші болады.

Массагеттен жақын дос таба алдым деп ойлайсыз ба? (Есімдерін атап өте аласыз ба?)

Ғаламтордан құрбы табудан мастер-класс өтсем де болатын тәжірибем бар деп мақтанып қоясың ба хехе. Расында, құрбыларым көп,бірақ жігіт емес. Бөтен жігіт қабылдамаймын. Массагеттен де дәл солай жақсы құрбы, дос табуға болады, неге болмасқа?! Өкінішке қарай, әзірге дәл осы Масагеттен тапқан досым дейтін жан болмай тұрғаны. Массагетке ойын жазатын,бірақ агентпен дос болған құрбылар бар. Ғазиза Ұзақ менің жанееем, онымен тікелей жұмыста танысқанмын. Назерке Сланбек, Гүлфайруз деген бір-бірінен өткен сұлулар бар.

Қазақ телевизиясына жас маман ретінде қандай көзқарастасыз?

Қазақ телевизиясына пікір айтатын жаста емеспін әрі тәжірибем де жоқ. Оны үлкендер айтар. Бірақ маған көшірме болса да басқа арналардың жасаған дүниелері ұнайды. Өкініштісі жобасымен бірге көшіріп алады. Сатып, анығырақ. Алайда өзім сүйіп қарайтын өзге арналарда бағдарлама шоулар  бар, отандық емес тек.  Десек те қазақ телевизиясы қарқын даму үстінде, байқасаңыздар күнде бір бағдарлама дүниеге келіп жатыр, тіпті халық бұрын жатсынатын «постановкалы» дүниелерге де риза болып, сенетін болған. Қорықпай бөтен біреудің күйеуі болып «ойнап» береді, «күйеу таңдай» салады. Бәрі бағдарламаның қызықты өтуі үшін. Мақсат та сол - өл тіріл, бірақ қызықты болсын.  Жастардың тың дүние ойлап  шығарарына сенемін және сол өкіл ретінде өзім де ат салысамын.

Асүйдегі Қазына қандай?

Оххх, менің әлсіз жерім. Қазына тамақты талғамай жақсы жейді, балық пен борщтан басқасын. Біраааақ соны дайындауға келгенде.... Ауылда пысық едім, бәрін жасадым: тамақ та жасадым, нан да пісірдім. Қалаға оқуға келіп, жеңгелі болдым, бітті, өлді  пысық Қазына хахах. Жеңгем тым еркелетіп жіберген сияқты.  «Еркеқыз» деп жүріп ештеңе жасатпай қойды. Қамыр жаю деген маған мұң болды, үйрене алмай-ақ қойдым. Басқасын жасай аламын. Оқтау ұстай алмайтыным өкінішті. Жеңгем сияқты түрлі тәттілер жасай алмаймын. Қасыңызда тұрып көмектесіп я сізге қарап қайталай білем. Өздігінен жасау деген нөл!!! Сол асүйге жақындауға қорқам тіпті. Менің анам болашақ күйеу баласын әзірден аяйды. «Байқұсты аш қалдырып өлтіріп қоймасаң болды» деп. Хаххаа. Келін болсам қайда қашам жасаймын ғой бәрін.

Есіміңіз әдемі! Кім, қандай ниетпен қойған? Өзіңізге ұнай ма?

Бір қызық есіме түсіп кетті. 6-7 жаста болуым керек, түрі әдемі адам көрсем демек оның  есімі де  әдемі деп ойлайтын едім. Содан Ұлмекен деген жеңгемнің сұлулығына қызығып жылағам «неге Ұлмекен деп  қоймағансыңдар» деп. Ата-анам күліііп. Қазір ұялам сол ісіме «жынды болған екем ғой» деп қоямын.  Ешкім ренжи қоймас, бірақ ол есім ұнамайды. Есімімді танысқанда көбісі қайтадан сұрап таңырқап жатады. Кейіннен ерекше есім иесі де ерекше болу керек деп өзімді қайрадым. Әу баста мені Дания деп қоймақ болған екен, бірақ кейін әкем өзі 4 қызымның кенжесі, қызға бай болдым ,Қазыналымын деп Қазынам болсын деген ниетпен  осылай атапты. Қазір әкеме дән ризамын. Мақтанышпен айтамын есімімді. Қатты ұнайды. Вот енді кімнің Қазынасы болады екем сол қызық....

 

                                    Сұрақтарыңыз ұнады керемет. Көп рахмет!

Жауап беруге өзі ниет білдіріп, сұрақтарға толық әрі шынайы жауап бергені үшін Қазынаға біз де алғыс айтамыз!!!