Сабыр бере гөр)))
жеке
блог

Сабыр бере гөр)))

   Менің жаңа жұмысқа орналасқаныма бүгін тура 5 ай 1 күн болды... Бұл тақырыпты ашқан себебім - бастығымның жыныма тиген қылықтарын жазып отыру))) Өйткені, біреуге "жамандасаң" оған жеткізуі мүмкін))) Ал бұл жерде ондай "шестеркалар" да, бастығымның қарындастары да жоқ.  :lol: Орысша айтқанда "по секрету всему свету" :P.

26.03.2013 таңертең сағат 8-де телефон соқты, алып үлгермедім де, қайыра хабарлассам, "отменаға" баса береді, "еее, бопты қойшы" деп жұмысқа дайындығымды жалғастыра берсем, қысқаша хабарлама келді телефоныма, оқысам не деп тұр білесіздер ме?! "жұмысқа да келмей-ақ қой"... бірақ мен бардым))) үндеген жоқпын, ол да сұрамады нег келдің, мен саған "рұқсат бердім ғой" деп)))